Топтар » Страница 10 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН!!!
01
маусым
2022
БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН!!!
"Айгөлек" тобының бүлдіршіндерінің "БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН" атты асфальтқа сурет салудан ұйымдастырған байқауы. Тәрбиешісі: Шаштаева Айсара
1-МАУСЫМ "БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ"
01
маусым
2022
1-МАУСЫМ "БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ"
1-МАУСЫМ "БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ"  балабақшамызда жоғары деңгейде өткізілді. Атаулы іс-шараға барлық бүлдіршіндер тыс қалмай атсалысты. Әндер шырқалып, би биленіп, көңілді ойындар ойнатылды. Топтар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Іс-шараны музыка жетекшілері және топ тәрбиешілері ұйымдастырды.
ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ БАЛАБАҚШАМ!!!
27
мамыр
2022
ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ БАЛАБАҚШАМ!!!
Балабақшамызда мамыр айының соңғы күндері әдеттегідей "Балабақшамен қоштасу" кештері өтеді. Биыл да сондай керемет кеш өткізілді. Балабақшамыз биылғы жылы 4 мектеп алды тобының бүлдіршіндерін мектеп табалдырығын аттауға шығарып салды. Кешіміз әдеттегідей жоғары деңгейде өтті. Балалар балабақшада алған білімдерімен, әндерімен, билерімен бөлісіп, көрермендерді тәнті етті.
КӨКТЕМГІ ГҮЛДЕР
28
сәуір
2022
КӨКТЕМГІ ГҮЛДЕР
"Балдырған" тобының ашық оқу қызметі. Тақырыбы: Көктемгі гүлдер.  Мақсаты: Балаларға көктем мезгілі туралы түсінік беру. Көктемгі гүлдермен таныстыру. Табиғат ерекшеліктерімен, табиғат құбылыстарымен таныстыру. Табиғатты сүйіп, оны қорғауға тәрбиелеу. Тәрбиешісі: Нуртазаева Гульнар Сыздыковна
КӨКТЕМ КЕЛДІ!!!
28
сәуір
2022
КӨКТЕМ КЕЛДІ!!!
"БОТАҚАН" ортаңғы тобының ашық оқу қызметі. Тақырыбы: Көктем келді. Мақсаты: Балалардың көктем туралы ұғымдарын бекіту, білім біліктілігін арттыру, тілдерін дамыту. Табиғатты сүйіп, оны қорғауға тәрбиелеу. Тәрбиешісі: Башекова Жансулу Базарбаевна
КӨРІКТІ ГҮЛДЕР
28
сәуір
2022
КӨРІКТІ ГҮЛДЕР
"Балапан" ересектер тобында ашық оқу қызметі өтті. Тфқырыбы: "Көрікті гүлдер" . Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін  түрлі тапсырмалар орындату арқылы бекіту. ойын арқылы есте ақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.
"ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚҰТТЫ НАУРЫЗЫМ!!!"
24
наурыз
2022
"ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚҰТТЫ НАУРЫЗЫМ!!!"
"ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚҰТТЫ НАУРЫЗЫМ!" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА. МАҚСАТЫ: БАЛАЛАРҒА НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ, ЯҒНИ ДІНИ МЕЙРАМ ЕМЕС, ҰЛТ МЕЙРАМЫ ЕКЕНІН, ТАРИХИ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУ. АТА-БАБАМЫЗДАН ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА БЕРІЛІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ. ӨЗ ҰЛТЫНА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІН АРТТЫРУ. АТА-АНА, БАЛАБАҚША САБАҚТАСТЫҒЫН АРТТЫРУ.
АНА МЕРЕЙІ
04
наурыз
2022
АНА МЕРЕЙІ
"8-Наурыз халықаралық әйелдер күні" мерекесіне  орай ұйымдастырылған ертеңгіліктер жалғасын табуда. Бүгін "Балдырған" ортаңғы, "Таңшолпан" ересектер, "Аққу" және "Қызғалдақ" мектепалды топтарында "Ана мерейі"; "Айналайын анашым" атты мерекелік ертеңгіліктер өткізілді.
АНАШЫМА МЫҢ АЛҒЫС
03
наурыз
2022
АНАШЫМА МЫҢ АЛҒЫС
Бүгін "Қарлығаш" кіші тобы, "Ботақан" ортаңғы тобы, "Ақжелкен" ересектер тобы, "Көгершін" мектепалды топтарында "8-Наурыз" мерекесіне арналған  мерекелік ертеңгіліктер болып өтті.
АНА-ӨМІР ШУАҒЫ
02
наурыз
2022
АНА-ӨМІР ШУАҒЫ
Көктем мезгілінің келіп жетуімен қатар "8-Наурыз" мерекесі де келіп жетті. Атаулы мереке қарсаңында барлық топтарда мерекелік ертеңгіліктер өтуде. Көштің басын осы жолы "Бәйтерек" кіші тобы, "Айналайын" ортаңғы тобы, "Айгөлек" ересектер тобы бастады.