"КӨҢІЛДІ СТАРТ"
2023 жылдың 10-қазанынан бастап балабақшамызда "Көңілді старт" атты спорттық іс-шарамыз бастау алды. Атаулы шараға балабақшамыздың барлық топтары дерлік қатысады. Мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру, қимыл белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.