Топтар » Страница 4 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
"КӨҢІЛДІ ОЙЫНДАР"
25
шілде
2023
"КӨҢІЛДІ ОЙЫНДАР"
Балабақшамызда шілде айына жоспарланған спорттық іс-шаралар өтті. Барлық топ белсене атсалысты. Іс-шараның мақсаты: Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. Жазғы сауықтыру-шынықтыру шараларын жүзеге асыру. Міндеті: қимылды және командадағы жарыс сипатындағы ойындарды өткізу арқылы  балалардың қимыл  тәжірибелерін байыту.
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІҢ БІЛЕСІҢ БЕ?
12
шілде
2023
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІҢ БІЛЕСІҢ БЕ?
Балабақшамызда барлық топтарда "Жоода жүру ережесін білесің бе?" ; "Жол қауіпсіздігін үйренейік!" сияқты тақырыптарда оқу іс-әрекеттері, әңгімелесулер, ойындар өткізілді. Мақсаты: Балаларға жолда жүру қауіпсіздігін үйрету. Жол ережелерін таныстыру.
СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
22
маусым
2023
СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Балабақшамызда "Спорт-денсаулық кепілі" атты спорттық шаралар өтуде. Мақсаты: спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықтарын арттыру,спортқа деген сүйіспеншіліктерін ояту. Ойындар мен жаттығулар арқылы денешынықтыруға деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Міндеттері: қимылды және командадағы жарыс сипатындағы ойындарды, негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл тәжірибелерін байыту.
ДЕНСАУЛЫҚ-ЗОР БАЙЛЫҚ!!!
21
маусым
2023
ДЕНСАУЛЫҚ-ЗОР БАЙЛЫҚ!!!
Балабақшамызда спорттық шара өткізілді. Мақсаты: жазғы сауықтыру-шынықтыру шараларын толыққанды жүзеге асыру. Балалардың денсаулығын нығайту, ептілікке баулу.
КӨҢІЛДІ ОЙЫНДАР
20
маусым
2023
КӨҢІЛДІ ОЙЫНДАР
Балабақшамызда маусым айына жоспарланған спорттық шаралар бастау алды. Спорттық шаралардың мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайту, имыл белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Міндеттері: дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту, тепе-теңдікті сақтау, сапқа тұру, жеке гигиеналық дағдыларын қалыптастыу және денсаулық сақтау негіздерін жетілдіру.
Біз бақытты балдырған!
01
маусым
2023
Біз бақытты балдырған!
Бүгін балабақшамызда "1-Маусым Балаларды қорғау күніне" байланысты "Біз бақытты балдырған" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Атаулы шараны "Құлыншақ" тобы ұйымдастырды. Балалар әуелете ән салып, дөңгелене би биледі.
Қош бол, сүйікті балабақшам!!!
31
мамыр
2023
Қош бол, сүйікті балабақшам!!!
Балабақшамызда 30-31 мамыр "Қош бол, сүйікті балабақшам!" атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі болып өтті.  Биыл "Балапан"; "Ақжелкен", "Таңшолпан" және "Айгөлек" топтары балабақшамен қоштасты.
"ЖАСЫЛ МЕКЕН" ЧЕЛЛЕНДЖІ
12
мамыр
2023
"ЖАСЫЛ МЕКЕН" ЧЕЛЛЕНДЖІ
"Жасыл мекен" челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады. "Жасыл мекен" челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!! ФИНАЛ
28
сәуір
2023
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!! ФИНАЛ
Балабақшамызда қараша айынан бастау алған "Біз шыныққан баламыз" атты спорттық іс-шара өз мәресіне жетті. Топтар арасында болған атаулы шараның финалдық жарысы 28-сәуір 2023 жылы өткізілді. Кіші топтар арасынан "Аққу",ортаңғы топтар арасынан "Көгершін"; ересектер тобы ішінен "Айналайын"; мектепалды топтары арасынан "Айгөлек" топтары бас жүлдені иеленді. Аталған топтар бағалы сыйлықтармен  және мақтау қағазымен марапатталып, кубокқа ие болды.
ПАЙ,ПАЙ БАЛАҚАЙ!!!
18
сәуір
2023
ПАЙ,ПАЙ БАЛАҚАЙ!!!
Бүгін  балабақшамызда "Пай, пай, балақай!!!" байқауына қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Байқау келесі жанрлар бойынша өткізілді: "Хор әндері" "Үздік декламатор" "Хореография" "Дефиле" "Балалар  айтысы" Мақсаты: Талантты балалардың шығармашылыққабілетін дамыту, музыкалық даму деңгейі мен белсенділіктерін арттыру. Міндеті: Балалардың ән орындаушылық дағдылоарын, ән орындау техникаларын дамыту, балалардың айтыс, декламаторлық өнерге қызығушылықтарын арттыру.