Жаңа жылда жаңа нұр!
Балабақшамызда Жаңа жыл мерекесінің ертеңгіліктері бастау алды. Көштің басын алғашқылардың бірі болып "Жұлдызша"кіші тобы және "Көгершін"ортаңғы тобы бастаса, "Аққу" кіші тобы, "Айналайын", "Ботақан" ересектер топтары, "Айгөлек" мектепалды топтары жалғастырды. Атаулы шараның мақсаты: Балаларға мерекенің мазмұнын түсіндіру. Сахна мәдениетіне үйрету. Балаларды топпен ән салуға, би билеуге дағдыландыру. Мереке барысында өздерін ұстау, бір-біріне қошемет көрсетуге тәрбиелеу.