ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР
Балабақшамызда "ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР" атты спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: Табиғат көріністерімен таныстыру, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігімен таныстыру, балалардың денсаулығын нығайту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Атаулы шара өте қызықты өтті. Балалар өзара күш сынасып, қашықтыққа жүгіріп, шана сүйреп жарысып, мәре-сәре күйге бөленді.