Ертеңгіліктер » Страница 13 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ" МЕН "ЖЕҢІС КҮНІ" ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
02
мамыр
2019
"ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ" МЕН "ЖЕҢІС КҮНІ" ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
БАЛАБАҚШАМЫЗДА  "ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ"  МЕН  "ЖЕҢІС КҮНІНЕ"  АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІКТЕР БАСТАУ АЛДЫ. ЕРТЕҢГІЛІКТІ "ҚАРЛЫҒАШ" ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ ӨТКІЗДІ. ТӘРБИЕШІСІ- НУРГАБЫЛОВА С.К.
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН!!!
26
сәуір
2019
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН!!!
МКҚК №8 Балабақшада "1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесіне орай "Бірлігіміз жарасқан" атты тақырыпта ортаңғы топтар арасында мерекелік ертеңгілік болып өтті.  Іс-шараның мақсаты: балаларға ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық ұғымдарын түсіндіру. Ұлт тұтастығы мен халықтар достығының маңыздылығын үйрету. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік, азаматтық борыш, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТТЕРІ
23
сәуір
2019
АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТТЕРІ
БАЛАБАҚШАМЫЗДА АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТТЕРІ БҮГІН АЯҚТАЛДЫ. СОҢҒЫ НҮКТЕНІ "ҚЫЗҒАЛДАҚ" 1-КІШІ ЖӘНЕ "БОТАҚАН" 2-КІШІ ТОПТАРЫ ҚОЙДЫ. 
АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТТЕРІ
18
сәуір
2019
АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Балабақшамызда бүгін де бірнеше ашық оқу қызметтері өткізілді. "Қарлығаш" ересек тобы "Үй жанауарлары" , "Таңшопан" ортаңғы тобы "Көктемгі гүлдер", ал "Айналайын" ортаңғы тобы "Бауырсақ ертегісіне саяхат" атты тақырыптарды алды.  Үш топта да "Шығармашылық" саласы бойынша  дәстүрден тыс сурет салу әдістері қолданылды.  
"Табиғатым-тамаша" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
17
сәуір
2019
"Табиғатым-тамаша" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Балабақшамызда қорытынды ашық оқу қызметтері өткізілуде. Бүгін алғашқы болып "Ақжелкен" МАД тобы бастады. Тәрбиешісі Алиякбарова Ұ.Ө. Ашық оқу қызметінің тақырыбы: "Табиғатым-тамаша" Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Тез ойлауға қызығушылығын ояту, өздігінен талдау жасауға үйрету. Білім мен өмірдің байланысын түсіндіру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ой еңбегіне бейімдеу.
"САЛТ-ДӘСТҮРІМ-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ"
04
сәуір
2019
"САЛТ-ДӘСТҮРІМ-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ"
29-НАУРЫЗ 2019 ЖЫЛЫ БАЛАБАҚШАМЫЗДА "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  "САЛТ-ДӘСТҮРІМ-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ" АТТЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.  МАҚСАТЫ: "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА ҮЛЕС ҚОСУ, "МӘҢГІЛІК ЕЛ" ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ІСКЕ АСЫРУ, "МӘҢГІЛІК ЕЛ" ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА ЕНГІЗУ БОЙЫНША ПЕДАГОГТАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН МҮМКІНДІГІН ЗЕРДЕЛЕУ, ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ.
АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!!!
19
наурыз
2019
АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!!!
БАЛБАҚШАМЫЗДА 18-20 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА 1-КІШІ ТОПТАН БАСТАП МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНА ДЕЙІН "НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ" АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІКТЕР МЕН ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ. МАҚСАТЫ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІН ПАШ ЕТІП, БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІМІЗДІ, КИІМДЕРІМІЗДІ, ОЙЫНДАРЫМЫЗДЫ ТАНЫСТЫРУ. 
"АЙНАЛАЙЫН, АНАШЫМ!!!"
07
наурыз
2019
"АЙНАЛАЙЫН, АНАШЫМ!!!"
БҮГІН БАЛАБАҚШАМЫЗДА АНАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІКТЕР АЯҚТАЛДЫ. АТАУЛЫ МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАНЫ "АЙНАЛАЙЫН", "ҚАРЛЫҒАШ", "БАЛАПАН" ТОПТАРЫ АЯҚТАДЫ.
"КӨРІКТІ КӨКТЕМ ГҮЛДЕРІ"
05
наурыз
2019
"КӨРІКТІ КӨКТЕМ ГҮЛДЕРІ"
БАЛАБАҚШАМЫЗДА 8-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН "КӨРІКТІ КӨКТЕМ ГҮЛДЕРІ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІКТЕРІМІЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА. БҮГІН ДЕ "КӨГЕРШІН", "БӘЙТЕРЕК", "АҚҚУ" ТОПТАРЫНДА МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІКТЕР БОЛЫП ӨТТІ. БАЛАЛАР АНАЛАРЫ МЕН ӘЖЕЛЕРІНЕ АРНАП ӘН ШАШУЛАРЫН ШАШЫП, БИ БИЛЕП, ӨЛЕҢ ОҚЫП, ШУАҚТЫ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БАР ӨНЕРЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ.
АНАШЫМ-АСЫЛ ЖАНЫМ!!!
01
наурыз
2019
АНАШЫМ-АСЫЛ ЖАНЫМ!!!
АЛҒАШҚЫ КӨКТЕМ КҮНІМЕН ҚАТАР АЛДА КЕЛЕ ЖАТҚАН "8-НАУРЫЗ" МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН "АНАШЫМ-АСЫЛ ЖАНЫМ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІМІЗ ДЕ БАСТАЛЫП КЕТТІ. МЕРЕКЕНІ АЛҒАШҚЫ БОЛЫП "ҚЫЗҒАЛДАҚ" 1-КІШІ ТОБЫ АШТЫ. "ҚҰЛЫНШАҚ" 2-ШІ КІШІ ЖӘНЕ "БАЛДЫРҒАН" ОРТАҢҒЫ ТОПТАРЫ ЖАЛҒАСТЫРСА, "АҚЖЕЛКЕН" МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ СОҢҒЫ НҮКТЕСІН ҚОЙДЫ. БАЛАБАҚША ҰЖЫМЫ БАРЛЫҚ АНАЛАР ҚАУЫМЫН КӨКТЕМНІҢ КӨРІКТІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!!!