"Көңілді эстафета" атты спорттық жарыс
"Таңшолпан" мектеп алды даярлық тобында "Көңілді эстафета" атты спорттық жарыс өтті. Жарысты топ тәрбиешісі Ашкиева Акерке Мухамерқызы ұйымдастырды. Балалар екі топқа бөлініп түрлі кедергілерден өтіп, жарысты. Жарыс соңында балабақша меңгерушісі Карибаева Кульдархан Баймаханқызы бүлдіршіндерге ризашылығын білдіріп, екі топты да "Мақтау қағазымен" марапаттады. Бүлдіршіндердің қуанышында шек болмай, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.