Ертеңгіліктер » Страница 2 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-қыркүйек "Білім күні" құтты болсын!!!
01
қыркүйек
2023
1-қыркүйек "Білім күні" құтты болсын!!!
Бүгін балабақшамызда 1-Қыркүйек "Білім күніне" байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шара барысында педагогтер мен тәрбиеленушілерді Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ән айтылып, би биленіп, өлең жолдары оқылды. Жаңа оқы жылында педагогтерге шығармашылық табыс тілейміз. Балапандарға зейіндерің ашылсын деген ізгі тілегімізді білдіреміз!
Біз бақытты балдырған!
01
маусым
2023
Біз бақытты балдырған!
Бүгін балабақшамызда "1-Маусым Балаларды қорғау күніне" байланысты "Біз бақытты балдырған" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Атаулы шараны "Құлыншақ" тобы ұйымдастырды. Балалар әуелете ән салып, дөңгелене би биледі.
Қош бол, сүйікті балабақшам!!!
31
мамыр
2023
Қош бол, сүйікті балабақшам!!!
Балабақшамызда 30-31 мамыр "Қош бол, сүйікті балабақшам!" атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі болып өтті.  Биыл "Балапан"; "Ақжелкен", "Таңшолпан" және "Айгөлек" топтары балабақшамен қоштасты.
ЖЕЛБІРЕ ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ!
04
мамыр
2023
ЖЕЛБІРЕ ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ!
Бүгін балабақшамызда 7-Мамыр "Отан қорғаушылар күні" және 9-Мамыр "Жеңіс күні" мерекелеріне арналған ертеңгіліктеріміз бастау алды. Көштің басын "Ботақан" ересектер тобы тәрбиешісі Башекова Жансулу Базарбаевнаның жетекшілігімен бастады. Музыка жетекшісі Қозбағарова Гүлнұр Кеңесбайқызы.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!
17
наурыз
2023
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!
Ұлыстың ұлы күні аталған "22-Наурыз" мерекесіне арналған іс-шарамыздың бүгін соңғы күні. Атаулы іс-шаралар барысында балалар халқымыздың байырғы тыныс тіршілігімен толық танысып,батырларымызды, билерімізді танып біліп, ұлттық билерімізді билеп, дәстүрлі әндерімізді шырқап, нағыз мерекелік күйге бөленді.
Наурыз айы туғанда...
16
наурыз
2023
Наурыз айы туғанда...
Биылғы жылы балабақшамызда "22-Наурыз Ұлыстың ұлы күні"  аталатын айтулы  мерекені ерекше форматта атап өтуді жөн көрдік. Барлық топтарға "Баталар" , "Дәстүрлі әндер", "Билер сөзі", "Батырлар жыры", "Мақал-мәтелдер" , "Тыйым сөздер" , "Ұлттық ойындар", "Қазақ билері" сынды тақырып таңдатып, сол тақырып аясында іс-шара өткізуді тапсырдық. Берілген тақырыптар бойынша барлық топ дайындалып, керемет іс-шарамыз дүбірлі думанға жалғасты.
Қош келдің, әз Наурыз!!!
15
наурыз
2023
Қош келдің, әз Наурыз!!!
Балабақшамызда "Қош келдің, әз Наурыз!!!" атты 22-Наурыз меркесіне арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Мақсаты: Балаларға салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды таныстыру. Қазақ халқының мәдениетімен таныстыру.
АНАШЫМ,АНАШЫМ, БІЗГЕ ҚЫМБАТ ДАНАСЫҢ!!!
03
наурыз
2023
АНАШЫМ,АНАШЫМ, БІЗГЕ ҚЫМБАТ ДАНАСЫҢ!!!
Балабақшамызда 27 ақпан- 3 наурыз аралығында "8-Наурыз" мерекесіне орай барлық топтарда "Анашым, анашым, маған қымбат данасың"; "Анашым, анам, ризамын саған", "Қыз өссе елдің көркі"; "Қыздарға әсемдік жарасады" атты тақырыптарда мерекелік ертеңгіліктер өткізілуде.
Қош келдің, Жаңа жыл!
27
желтоқсан
2022
Қош келдің, Жаңа жыл!
Балабақшамызда Жаңа жылдық ертеңгіліктер жалғасын табуда. Барлық топтарда көтеріңкі көңіл-күй және балалардың сыңғырлаған бақытты күлкілері естілуде.  Мерекені ұйымдастыруда музыка жетекшілері Қозбағарова Г.К. мен Байдаулетова М.М. және барлық топ тәрбиешілерінің еңбектері зор. Ертеңгіліктеріміздің мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас орнату. 
Жаңа жылда жаңа нұр!
23
желтоқсан
2022
Жаңа жылда жаңа нұр!
Балабақшамызда Жаңа жыл мерекесінің ертеңгіліктері бастау алды. Көштің басын алғашқылардың бірі болып "Жұлдызша"кіші тобы және "Көгершін"ортаңғы тобы бастаса, "Аққу" кіші тобы, "Айналайын", "Ботақан" ересектер топтары, "Айгөлек"  мектепалды топтары жалғастырды. Атаулы шараның мақсаты: Балаларға мерекенің   мазмұнын түсіндіру. Сахна мәдениетіне үйрету. Балаларды топпен ән салуға, би билеуге дағдыландыру. Мереке барысында өздерін ұстау, бір-біріне қошемет көрсетуге тәрбиелеу.