"Құлыншақ" тобы дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданып "Көңілді күн" тақырыбында сурет салды. Мақсаты: балаларға әр түрлі сурет салу әдістерін үйрету және көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
"Кеме капитаны" тақырыбында өткізілген оқу қызметі. Мақсаты: балалардың шығармашылығын дамыту, ой-өрісін байыту. Тұрмысқа керексіз заттарды қолдана отырып, түрлі заттарды жасауға бейімдеу.
"Балапан" тобының тәрбиеленушілері дәстүрден тыс сурет салу әдісін қолдану арқылы "Бақ-бақ" гүлін бейнеледі. Тәрбиешісі Шаштаева Айсара балаларға "Бақ-бақ" гүлін бейнелетіп қана қоймай, оның емдік қасиеттері бар өсімдік екенін айтып берді.
"Ақжелкен" тобы Астана күніне орай топта "Астанамыздың символы" атты викториналық ойын ұйымдастырды. Ойын арқылы балаларға сұрақтар қоя отырып, астананың символына арналған "Бәйтерек" бейнесінің пазлын жинады.
Балабақша тәрбиеленушілері күнделікті серуен кезінде балабақша ауласындағы гүлдерді күтіп-баптау әдістерімен танысып, өздерінің де үлестерін қосады. Осылай, тәрбиешілер балаларды еңбекке баулиды, табиғатты қорғауға шақырады.
Мүсіндеу оқу қызметінде балалар "ӨРТ-ТІЛСІЗ ЖАУ" деген тақырыпта жұмыс жасады. Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұғындырып, оттан сақ болу шараларын үйрету.
Биыл балабақшамыздың ауласына бақша ектік. Серуен кезінде балалар бақшадағы көкөністердің өсуін бақылап, өнімдерін тереді. Осы арқылы олар табиғатты сүюге тәрбиеленеді.