Ертеңгіліктер » Страница 5 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сурет салу оқу қызметі
22
маусым
2022
Сурет салу оқу қызметі
"Сурет салу" оқу қызметінен көрініс. Суретте балалар "Кірпінің баласы" деген тақырыпта жұмыс жасауда.
ӨЖЕТ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР
22
маусым
2022
ӨЖЕТ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР
Бүгін балабақшамызда "Өжет өрт сөндірушілер"; "Құтқарушылар"; "101 қызметі" сынды тақырыптарда оқу қызметтері, ойындар өткізіліп, әңгімелесу жүргізілді. Мақсаты: балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтып түсіндіру, өрттен сақтану жолдарын үйрету, көмекке жүгіну әдістерін таныстыру. 
ОЙЫН-БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ  ӘДІСІ
21
маусым
2022
ОЙЫН-БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСІ
Ойын-баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес. Суретте балалар серуен кезінде құммен ойнауда.
ЖАЗ МЕЗГІЛІ ТАМАША
20
маусым
2022
ЖАЗ МЕЗГІЛІ ТАМАША
Жаз мезгілі балалардың асыр салып ойнайтын мезгілі. Ойын арқылы балалардың ой-өрісі дамып, денесі шынығады.
ГҮЛДЕР БІЗДІҢ СӘНІМІЗ
16
маусым
2022
ГҮЛДЕР БІЗДІҢ СӘНІМІЗ
"Гүлдер біздің сәніміз" тақырыбында іс-шара өтікізлді. Атаулы шараның мақсаты: балаларға гүлдің түрлерін таныстыра отырып, олардың адам өміріне пайдасын түсіндіру. Гүлдерді күтіп баптау әдістерін үйрету, табиғатты сүюге баулу.
ЕРТЕГІЛЕР, ЕРТЕГІЛЕР.....
09
маусым
2022
ЕРТЕГІЛЕР, ЕРТЕГІЛЕР.....
Балабақшамызда "Ертегілер күні" өткізілді.  Осы тақырып аясында топтарда театр түрлерін қолдана отырып, балалар ертегі кейіпкерлерін сомдады. Іс-шараның мақсаты: Балалардың сөздік қабілеттерін дамыту, тіл байлығын арттыру. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
КІМ КҮШТІ, КІМ ЕПТІ?
07
маусым
2022
КІМ КҮШТІ, КІМ ЕПТІ?
Балабақшамызда "Дене шынықтырушылар күні" деген тақырып аясында  іс-шара өткізілді. Іс-шара "Кім күшті, кім епті" деген ойын-сауық түрінде ұйымдастырылды. Мақсаты:  Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, әр түрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
06
маусым
2022
СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
6- маусым 2022 жылы Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жоспарына сәйкес  "Балабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жер сілкінісі кезіндегі әрекеті" тақырыбындағы сейсможаттығу өткізілді. Суретте балабақшамыздың ең кішкентай тәрбиеленушілері.
РӘМІЗДЕРІМДІ МАҚТАН ЕТЕМІН!
03
маусым
2022
РӘМІЗДЕРІМДІ МАҚТАН ЕТЕМІН!
4-МАУСЫМ "ҚР РӘМІЗДЕР КҮНІ" аясында балабақшамызда "Рәміздерімді мақтан етемін!" атты  тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Атаулы шара барысында  барлық топ тәрбиеленушілері еліміздің  Әнұранын  шарықтата шырқап, көк Туымызды желбіретіп, Елтаңбамызды  мақтан етті.
БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН!!!
01
маусым
2022
БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН!!!
"Айгөлек" тобының бүлдіршіндерінің "БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН" атты асфальтқа сурет салудан ұйымдастырған байқауы. Тәрбиешісі: Шаштаева Айсара