

Балабақшамызда "Қауіпсіздік әлеміне саяхат" атты іс-шара болып өтті. Бұл шараны ортаңғы топ тәрбиешілері А.Толепбергенова және О.Тилемисова ұйымдастырды. Олар балаларға оттың тілсіз жау екенін түсіндіріп, өрт сөндірушінің қызметі жайлы айтып берді. Іс-шараның мақсаты: балаларға қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат беру, өрттен сақ болу жолдарын айтып түсіндіру.