05
наурыз
2020
"АМАН БОЛШЫ, АНАШЫМ!"
Құлпырған көктеммен қатар келіп жететін "Аналар мерекесіне" орай аналарымызға арнап "Айгөлек" кіші тобының тәрбиешісі Аралбек Дария Аділқазықызы іс-шара ұйымдастырды. Атаулы іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балалардың ертеңгілік барысындағы тәртібі мен ортаға салған өнерлері балабақша ұжымын тәнті етті. Балабақша меңгерушісі Карибаева Кульдархан Баймаханқызы тәрбиеші еңбегін бағалап, алғысын білдірді.
