БҮГІНГІ КҮН, ЕРТЕҢГІ ТАРИХ » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БҮГІНГІ КҮН, ЕРТЕҢГІ ТАРИХ
10
қыркүйек
2020

БҮГІНГІ КҮН, ЕРТЕҢГІ ТАРИХ

Балабақшамыздың жетістіктері

2016 жылы Балабақшамызда бес  білім беру салалары бойынша қалалық семинар өткізілді.

Басшымыз Кульдархан Баймаханқызы 2013 жылы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестік қоғамының «Халықаралық ұстаздар одағының» мүшесіне қабылданып, төс белгісімен марапатталды. Осы ұйымның шақыруымен 2013 жылдың сәуірінде «Ш.Уалихановтың әлемдік ғылымда алатын орны» атты конференцияға қатысты. 

2015 жылы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» атты төсбелгісімен марапатталды.

Тәрбиешілеріміз 2014 ж Алжекеева Марзия Ильясқызы аудандық «Үздік тәрбиеші» байқауынан 2-ші орынды иеленсе,  2017 ж Ашкиева Акерке Мухамеровна 3-ші орынға ие болды.

2017 жылы аудандық  Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған «Үздік кәсіподақ ұйымы» байқауына қатысып, бас жүлдені иемденсе, қалалық «Үздік кәсіподақ ұйымы байқауынан» «Үздік құжаттар» номинациясын жеңіп алды.

2017 жылы балабақша тәрбиешілерінің «Бала тәрбиесі-бесіктен» атты әдістемелік оқу құралы жарыққа шықты.     Осы жылы әдіскеріміз Медетова Венера Амантайқызы   І Республикалық  «Үздік балабақша әдіскері» атты интернет байқауына белсене қатысып, өз тәжірибесімен бөліскені үшін мақтау грамотасымен марапатталды.

2017 жылы тәрбиешіміз  Акишева Гульбану Смагуловна республикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналының редакциясы ұйымдастырған «Жылдың үзік 100 мұғалімі» жобасына қатысып «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгісіне ие болып, дипломмен марапатталды.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру аясында «Тәуелсіздік және Елбасы» атты тақырыпта ұйымдастырылған мәнерлеп оқудан өткізілген аудандық байқауда тәрбиеленушілеріміз Шайсултанова Диана «Бас жүлдені» , ал Ануар Айзере «3- орынды»  иеленді. 

2018 жылы республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» атты интернет байқауында тәрбиешіміз Дарубаева Мансия Сахановна «Жаңашыл тәрбиеші» номинацияларын алып, дипломмен марапатталды. Атаулы конкурсқа қатысқаны үшін бірқатар тәрбиешілеріміз диплом және мақтау грамоталарын иеленді. 

Балабақшамыз «Отбасы және балабақша», «Балабақша: тәрбиелеу және оқыту», «Мектептегі мерекелер» республикалық журналдарға және «Алматы ақшамы», «Қазақ әдебиеті» сынды газеттер беттерінде  үздіксіз жарияланып тұрады.

                2016-2018 жж аралығында  балабақша тәрбиеленушілері  «Көктемнің алғашқы мерекесі», «Қош келдің, Наурыз» сынды қашықтықтан өткізілетін интернет байқауларынан 1,2,3 дәрежелі дипломдарды иеленіп келеді. 

2019 жылы 5 Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» олимпиадасына қатысып тәрбиешілер Дарубаева Мансия Сахановна, Умбеталиева Гульмира Ермековна және Тиктенбаева Майра Адилхановна «Үздік тәрбиеші» төсбелгісіне ие болды.

2019 жылы Акишева Гульбану Смагуловна «Жылдың үздік 100 мұғалімі» наградасымен марапатталды. 

Абай Құнанбайұлының 175- жылдығына орай ұйымдастырылған Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан тәрбиеленушіміз Жамалбек Хантөре аудандық байқаудан бас жүлдеге ие болып, қалалық байқауға жолдама алды.  Қалалық байқаудан қанжығамызды 3-дәрежелі дипломмен толтырдық! 

Ай сайын «Fantastic Talent» республикалық шығармашылық конкурсына қатысып жүлделі орындарға ие болдық.

Похожие публикации:

09 шілде 2020 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
01 шілде 2020 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
22 маусым 2020 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив