
Балабақшамызда "Жасыл шырша жанында"; "Қош келдің, Жаңа жыл"; "Армысың, Жаңа жыл" сынды тақырыптарда ертеңгіліктер өтуде. Биыл Жаңа жылға арналған ертеңгіліктер елімізде болып жатқан шектеу шараларына байланысты топтарда өтуде. Соған қарамастан балабақша тәрбиешілері және қызметкерлері балабақша бүлдіршіндеріне мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Атаулы шараны музыка жетекшілері Ғазиз М.М. және Кыдырмуратова А.У. ұйымдастыруда.