
Балабақшамызда қазан айының басталуымен "Дені саудың-жаны сау" атты спорттық іс-шарамыз бастау алды. Атаулы іс-шарада жас ерекшеліктеріне байланысты топтар арасында сайыс ұйымдастырылмақшы. Іс-шараның мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықтарын қалыптастыру. Іс-шараны алғашқылардың бірі болып "Балапан" мектеп алды тобы бастады. Тәрбиешісі: Нургабылова Советгуль Казбековна.