01
наурыз
2023
1-Наурыз Азаматтық Қорғаныс күні!
1-Наурыз "Азаматтық күніне" орай, Алмалы ауданы ТЖ департаментінің 2023 жылғы жоспарына сәйкес балабақшамызда "Балалабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жер сілкінісі кезіндегі әрекеті" және "Балабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өрт кезіндегі әрекеті" атты тақырыпта жаттығулар өткізілді. Жаттығуға барлық топтар дерлік қатысты. Атаулы шараға орай қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында балабақшаның әлеуметтік желілеріне ақпараттық материалдар жарияланды.