Топтар » Страница 9 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа жылда жаңа нұр!
23
желтоқсан
2022
Жаңа жылда жаңа нұр!
Балабақшамызда Жаңа жыл мерекесінің ертеңгіліктері бастау алды. Көштің басын алғашқылардың бірі болып "Жұлдызша"кіші тобы және "Көгершін"ортаңғы тобы бастаса, "Аққу" кіші тобы, "Айналайын", "Ботақан" ересектер топтары, "Айгөлек"  мектепалды топтары жалғастырды. Атаулы шараның мақсаты: Балаларға мерекенің   мазмұнын түсіндіру. Сахна мәдениетіне үйрету. Балаларды топпен ән салуға, би билеуге дағдыландыру. Мереке барысында өздерін ұстау, бір-біріне қошемет көрсетуге тәрбиелеу.
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
02
желтоқсан
2022
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
Бүгін Алматы қаласы аумағында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Тақырыбы: " Басқару органдарының. Азаматтық Қорғаныс қызметкерлерінің, Алматьы қаласы тұрғындарының жер сілкінісі кезіндегі әрекеті"
ӘН ШЫРҚАЙЫҚ БӘРІМІЗ
01
желтоқсан
2022
ӘН ШЫРҚАЙЫҚ БӘРІМІЗ
Балалардың, ата-аналардың, педагогтердің қатысуымен "Ән шырқайық бәріміз" атты патриоттық әндерді хормен айту челленджіне қатысып жатырмыз. Челлендж "Балаларды ерте дамыту институты" РММ-нің ұйымдастыруымен жүргізілуде.
ӘН ШЫРҚАЙЫҚ БӘРІМІЗ
01
желтоқсан
2022
ӘН ШЫРҚАЙЫҚ БӘРІМІЗ
"Балаларды ерте дамыту институты" РММ-ні ұйымдастырған  балалардың, ата-аналардың, педагогтердің қатысуымен "Ән шырқайық бәріміз" атты патриоттық әндерді хормен айту челленджінің қатысушылары. 
Күз жомарт дейміз біз, жемісін жейміз біз!!!
10
қараша
2022
Күз жомарт дейміз біз, жемісін жейміз біз!!!
Балабақшамыздың барлық топтарында "Күз жомарт дейміз біз, жемісін жейміз біз", "Алтын күз", "Берекелі Алтын күз" атты  мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту. 
Қош келдің, Алтын күз!!!
09
қараша
2022
Қош келдің, Алтын күз!!!
Балабашамызда қараша айының басында "Алтын күз" атты ертеңгіліктер өткізілді. Суретте "Айгөлек" мектепалды тобы.
ҚАЗАҚСТАН-МЕНІҢ МЕКЕНІМ!
20
қазан
2022
ҚАЗАҚСТАН-МЕНІҢ МЕКЕНІМ!
25-қазан "Республика күні" қарсаңында  балабақша педагогтары ата-аналардан балаларды музейлерге апарып өз елінің мәдениетімен, тарихымен таныстыруды сұрады. Барлық топ ата-аналары атаулы шараға белсене атсалысты. Барлығы дерлік музейге барған видеобейнелері мен фотосуреттерімен бөлісті. Ата-аналарымызға балабақша ұжымы атынан ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз. 
МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ
19
қазан
2022
МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ
25-қазан "Республика күні"  қарсаңында өткізілген "Айналайын" ересектер тобының "Менің Қазақстаным" атты мерекелік ертеңгілігінен көрініс.
МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!
19
қазан
2022
МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!
"Менің Отаным-Қазақстан" атты "Таңшолпан" мектепалды тобының 25-қазан "Республика күніне" орай ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілігі
ҚЫРАНДАР АЛҒА!!!
15
қазан
2022
ҚЫРАНДАР АЛҒА!!!
"Айналайын" ересектер тобының спорттық іс-шарасынан көрініс. Тәрбиешілері Дарубаева Алия Сахановна және Тилемисова Орынкуль Жексеновна.