Біз туралы » Страница 18 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
"КӨҢІЛДІ СТАРТ"
11
қазан
2023
"КӨҢІЛДІ СТАРТ"
2023 жылдың 10-қазанынан бастап балабақшамызда "Көңілді старт" атты спорттық іс-шарамыз бастау алды. Атаулы шараға балабақшамыздың барлық топтары дерлік қатысады. Мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру, қимыл белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА...
03
қазан
2023
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА...
"ҰСТАЗДАР КҮНІ" қарсаңында балабақшамыздың тәрбиешілерін құттықтау мақсатында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мақсаты: ұстаздар қауымын мадақтау, дәріптеу, шығармашылыққа жетелеу.  Атаулы мереке қарсаңында бірқатар тәрбиешілер Құрмет грамотасы, Мадақтама, Диплом сынды марапаттарға ие болды. Жас мамандар тәжірибелі ұстаздарды құттықтап, әсем әннен шашу шашты.
ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА!
03
қазан
2023
ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА!
Балабақшамызда "Ұстаздар күні" мерекесіне орай "Ұстаз-ұлы тұлға" атты ересектер  топтары ұйымдастырған мерекелік ертеңгіліктер болып өтті. Мақсаты: Балаларға "ұстаз"  сөзінің мән-мағынасын түсіндіру, ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу. Ұйымдастырған топтар "Қарлығаш", "Қызғалдақ", "Көгершін", "Бәйтерек" топтары.
"Төтенше жағдайларды зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету" курсы
29
қыркүйек
2023
"Төтенше жағдайларды зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету" курсы
"Парасат" республикалық оқу  орталығының  ұйымдастыруымен жалпы саны 4 сағат болатын "Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-әрекеттер", сонымен қатар "Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету" тақырыптары бойынша оқу курсы болып өтті. Атаулы курсқа балабақша меңгерушісі бастаған бірнеше педагог қатысты.
АНА ТІЛІМ-АРДАҚТЫМ!
05
қыркүйек
2023
АНА ТІЛІМ-АРДАҚТЫМ!
Балабақшамызда "Ана тілім-ардақтым" атты "Тілдер мерекесіне" арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке қашан тойланады? Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылғы 20 қаңтарда республика президентінің жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Мақсаты - сан ғасырлық құндылықтарды сақтау. Ал 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл —  қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді. Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек
1-қыркүйек "Білім күні" құтты болсын!!!
01
қыркүйек
2023
1-қыркүйек "Білім күні" құтты болсын!!!
Бүгін балабақшамызда 1-Қыркүйек "Білім күніне" байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шара барысында педагогтер мен тәрбиеленушілерді Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ән айтылып, би биленіп, өлең жолдары оқылды. Жаңа оқы жылында педагогтерге шығармашылық табыс тілейміз. Балапандарға зейіндерің ашылсын деген ізгі тілегімізді білдіреміз!