Біз туралы » Страница 20 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!! ФИНАЛ
28
сәуір
2023
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!! ФИНАЛ
Балабақшамызда қараша айынан бастау алған "Біз шыныққан баламыз" атты спорттық іс-шара өз мәресіне жетті. Топтар арасында болған атаулы шараның финалдық жарысы 28-сәуір 2023 жылы өткізілді. Кіші топтар арасынан "Аққу",ортаңғы топтар арасынан "Көгершін"; ересектер тобы ішінен "Айналайын"; мектепалды топтары арасынан "Айгөлек" топтары бас жүлдені иеленді. Аталған топтар бағалы сыйлықтармен  және мақтау қағазымен марапатталып, кубокқа ие болды.
ПАЙ,ПАЙ БАЛАҚАЙ!!!
18
сәуір
2023
ПАЙ,ПАЙ БАЛАҚАЙ!!!
Бүгін  балабақшамызда "Пай, пай, балақай!!!" байқауына қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Байқау келесі жанрлар бойынша өткізілді: "Хор әндері" "Үздік декламатор" "Хореография" "Дефиле" "Балалар  айтысы" Мақсаты: Талантты балалардың шығармашылыққабілетін дамыту, музыкалық даму деңгейі мен белсенділіктерін арттыру. Міндеті: Балалардың ән орындаушылық дағдылоарын, ән орындау техникаларын дамыту, балалардың айтыс, декламаторлық өнерге қызығушылықтарын арттыру.
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!!
14
сәуір
2023
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!!
Балабақшамызда 2023 жылдың 12-14 сәуірі аралығында жас ерекшелігіне байланысты топтар арасында "Біз шыныққан баламыз" атты спорттық іс-шара болып өтті. Екі топқа бөлініп жарысу барысында "Көгершін", "Бәйтерек" ортаңғы топтары, "Айналайын", "Ботақан" ересектер топтары, "Айгөлек", "Ақжелкен" мектепалды топтары алға шықты. Ендігі кезекте аталған топтар бір-бірімен сайысқа түсіп, нағыз жеңімпаз топ анықталатын болады.
Дәстүрден тыс сурет салу әдістері
30
наурыз
2023
Дәстүрден тыс сурет салу әдістері
СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ Дәстүрден тыс сурет салу әдісін балабақшада қолдану
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
30
наурыз
2023
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
 БАЛАБАҚШАМЫЗДА 30-НАУРЫЗ 2023 ЖЫЛЫ №4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ. ТАҚЫРЫБЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДӘСТҮРДЕН ТЫС ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЖЕТІЛДІРУ. МАҚСАТЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫ МЕН ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ. ПЕДАГОГТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ, ҰЖЫМ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
01
наурыз
2023
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
Құрметті ата-аналар!!! Сіздерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын және заңнама бұзушылықтардың алдын алу мақсатында балабақшаға қаржылай көмек көрсетуге және де тәрбиешілерге сыйлыққа немесе басқа да іс-шараларға ақша жинамауға тыйым салынғанын хабарлаймыз. Балабақша әкімшілігі.
АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!!!
01
наурыз
2023
АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!!!
Балабақшамызда 1-Наурыз "Алғыс күніне" орай барлық топтарда "Алғысым шексіз" тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Атаулы шара барысында тәрбиеленушілер өздерінің ата-аналарына, достарына, тәрбиешілерге алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтады.
1-Наурыз  Азаматтық Қорғаныс күні!
01
наурыз
2023
1-Наурыз Азаматтық Қорғаныс күні!
1-Наурыз "Азаматтық күніне" орай, Алмалы ауданы ТЖ департаментінің 2023 жылғы жоспарына сәйкес  балабақшамызда "Балалабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жер сілкінісі кезіндегі әрекеті" және "Балабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өрт кезіндегі әрекеті" атты тақырыпта жаттығулар өткізілді. Жаттығуға барлық топтар дерлік қатысты. Атаулы шараға орай қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында балабақшаның әлеуметтік желілеріне ақпараттық  материалдар жарияланды.
Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың қиялы мен шығармашылығын арттыру
16
ақпан
2023
Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың қиялы мен шығармашылығын
Семинар-практикум Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың қиялы мен шығармашылығын арттыру