Біз туралы » Страница 27 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ БАЛАБАҚШАМ!!!
27
мамыр
2022
ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ БАЛАБАҚШАМ!!!
Балабақшамызда мамыр айының соңғы күндері әдеттегідей "Балабақшамен қоштасу" кештері өтеді. Биыл да сондай керемет кеш өткізілді. Балабақшамыз биылғы жылы 4 мектеп алды тобының бүлдіршіндерін мектеп табалдырығын аттауға шығарып салды. Кешіміз әдеттегідей жоғары деңгейде өтті. Балалар балабақшада алған білімдерімен, әндерімен, билерімен бөлісіп, көрермендерді тәнті етті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
09
наурыз
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің "Шексіз талант" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер" және "Үздік монолог" номинациясы бойынша орынға ие болған педагогтарымызды құттықтаймыз!!!
"Тәуелсіздік тірегім, сен деп соққан жүрегім"
26
қараша
2021
"Тәуелсіздік тірегім, сен деп соққан жүрегім"
Бүгін Алмалы ауданы кәсіподақ ұйымында "Тәуелсіздік- тірегім, сен деп соққан жүрегім" атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30-жыл толуына байланысты аудан мекемелері ұстаздарының арасында байқау өткізілді. Біздің балабақшамыздың атынан музыка жетекшісі Кыдырмуратова Айнамкоз Уалиевна қатысты.  Ол өзінің әнін әуелете шырқап, мақтау грамотасымен марапатталды.
Тәуелсіздік және елбасы
26
қараша
2021
Тәуелсіздік және елбасы
Бүгін балабақшамызда "Тәуелсіздік және елбасы" атты тақырыпта "Тұңғыш президент күні" мерекесіне  орай ұйымдастырылған байқау болып өтті. Байқауға ересек және мектепалды топ бүлдіршіндері белсене қатысты. Әр бүлдіршін өзінің өлеңін ерекше махаббатпен және ықыласпен оқып шықты. Мереке соңында бүлдіршіндер алғысқа бөленіп, мақтау грамоталарымен марапатталды.
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30-ЖЫЛ"
12
қараша
2021
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30-ЖЫЛ"
Қазақстан Республикасының 30-жылдығына орай балабақшамызда  көрме ұйымдастырылды. Атаулы шараға барлық топ бүлдіршіндері мен ата-аналары  атсалысты.  Мақсаты: Балаларға тәуелсіздігімізді дәріптеуді, тәуелсіздік мерекесін құрметтеуді үйрету, бойларына сіңіру.  Шараны ұйымдастырушылар: әдіскер Медетова В.А. және тәрбиеші Шарманова Г.Ж.
ҚОРЖЫНЫМЫЗҒА ТАҒЫ БІР ТӨСБЕЛГІ!!!
10
қыркүйек
2021
ҚОРЖЫНЫМЫЗҒА ТАҒЫ БІР ТӨСБЕЛГІ!!!
Тәрбиешіміз Айдарханова Гульназ Алихановна "Мәңгілік ел жастары" қоғамдық қорының" ұйымдастыруымен өткізілген "Мейірімді тәрбиеші"  байқауына қатысып, ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарап, бүлдіршіндердің шығармашылық және адамгершілік тұрғысынан дамуына үлес қосқаны үшін "АЛҒЫС ХАТПЕН" және "МЕЙІРІМДІ ТӘРБИЕШІ" төсбелгісімен марапатталды.
1-ҚЫРКҮЙЕК- "БІЛІМ КҮНІ"
01
қыркүйек
2021
1-ҚЫРКҮЙЕК- "БІЛІМ КҮНІ"
1-ҚЫРКҮЙЕК "БІЛІМ КҮНІНЕ" ОРАЙ БАЛАБАҚШАМЫЗДЫҢ БАРЛЫҚ ТОПТАРЫНДА ТАҚЫРЫПТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ. АТАУЛЫ ШАРАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕШІЛЕР ӨЗ ТОПТАРЫН БАЛАБАҚШАНЫҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫРЫП, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ.
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН БАЙҚАУ
16
шілде
2021
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН БАЙҚАУ
Тоғызқұмалақ  — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ДОБЫМ!
16
шілде
2021
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ДОБЫМ!
Мүсіндеу техникасын меңгеру қол қимылының дамуына жәрдемдеседі және балалардың шығармашылыын дамытуға мүмкіндік береді. Мүсін жасауда балаға ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет. Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады. Суретте  "Құлыншақ" тобы. Тәрбиешісі
Біз спортты сүйеміз!!!
14
шілде
2021
Біз спортты сүйеміз!!!
Жаз мезгілінің келуімен қатар, балабақшамызда барлық іс-шаралар, ойын-сауықтар дерлік таза ауа аясында өткізіледі. Бүгінгі іс-шарамыз да әдеттегідей таза ауада өткізілді. "Айналайын" тобының бүлдіршіндері  өздерінің кішкентай болғандарына қарамастан спорттық шараны жоғары деңгейде өткізіп шықты. Тәрбиешісі Байдаулетова Мадина Мухаметовна.