Біз туралы » Страница 30 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР
18
қаңтар
2021
ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР
Балабақшамызда "ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР" атты спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: Табиғат көріністерімен таныстыру, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігімен таныстыру, балалардың денсаулығын нығайту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.  Атаулы шара өте қызықты өтті. Балалар өзара күш сынасып, қашықтыққа жүгіріп, шана сүйреп жарысып, мәре-сәре күйге бөленді. 
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" АКЦИЯСЫ
21
желтоқсан
2020
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" АКЦИЯСЫ
Құрметті ата-аналар!!! Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында бейне-дәрісі әзірленді. Аталған бейне-дәрістер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны, әлеуметтік желілер арқылы халыққа парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.  Бейне-дәрісті сілтеме арқылы көре аласыздар: ) 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
08
желтоқсан
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жоғары санатты тәрбиешіміз Нургабылова Советгуль Казбековнаны "ұлттық мұра-Ұлы Абай" тақырыбында қашықтықтан өткізілген мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 6-шы Республикалық слетінің жұмысына белсене араласқаны үшін алған Алғыс хаты мен Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы медалімен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз елене берсін ардақты ұстаз!!!
№2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
30
қараша
2020
№2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Балабақшамызда жылдық жоспарымызға сәйкес қараша айына жоспарланған №2 Педагогикалық кеңесіміз болып өтті. Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемеде бала тілін дамытудың тиімді жолдары. Мақсаты: МДҰ-да балалардың сөйлеуін дамыту ерекшеліктері мен тиімді жолдары жайлы педагогтардың жұмысын жүйелеу.  Бағдарламасы: 1. №1 Педагогикалық кеңеіс шешімдерінің орындалуы. 2. "Мектепке дейінгі мекемеде бала тілін дамытудың тиімді жолдары" тақырыбында баяндама және видео материал 3. №2 Педагогикалық кеңесінің
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
06
қазан
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасындағы қалалық  мәнерлеп оқу байқауының "Абай Құнанбайұлының өлеңдері" номинациясы бойынша  Ботақан тобының тәрбиеленушісі Жамалбек Хантөре 3-орынға ие болды, атаулы шараға дарынды  шәкірт дайындағаны үшін тәрбиеші Алпысбаева Асемкул Абаевна алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21
қыркүйек
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Тәрбиеші Акишева Гулбану Смагуловнаның  мақаласы  "Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" атты республикалық байқаудың материалдар жинағында жарық көрді. 
БҮГІНГІ КҮН, ЕРТЕҢГІ ТАРИХ
10
қыркүйек
2020
БҮГІНГІ КҮН, ЕРТЕҢГІ ТАРИХ
Балабақшамыздың жетістіктері 2016 жылы Балабақшамызда бес  білім беру салалары бойынша қалалық семинар өткізілді. Басшымыз Кульдархан Баймаханқызы 2013 жылы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестік қоғамының «Халықаралық ұстаздар одағының» мүшесіне қабылданып, төс белгісімен марапатталды. Осы ұйымның шақыруымен 2013 жылдың сәуірінде «Ш.Уалихановтың әлемдік ғылымда алатын орны» атты конференцияға қатысты.  2015 жылы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» атты
ЖОМАРТ КҮЗ   СЫЙЛЫҚТАРЫ
08
қыркүйек
2020
ЖОМАРТ КҮЗ СЫЙЛЫҚТАРЫ
КҮЗ АЙЛАРЫНЫҢ КЕЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТОП БҮЛДІРШІНДЕРІ "ЖОМАРТ КҮЗ СЫЙЛЫҚТАРЫ" АТТЫ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ