1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай ерекше ізгілікті қадам
1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай ерекше ізгілікті қадам жасалды. Балабақша ұжымы “Шаңырақ” әлеуметтік қызмет орталығына барып, қазыналы қарттарымызды құттықтап қайтты. Балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналар да бұл мерекеге қатысып, өз үлестерін қоса білді. Осындай бастамалар арқылы балабақша ұжымы “Адал азамат” тәрбиелеу ісіне нақты үлес қосып отыр.