ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА...
"ҰСТАЗДАР КҮНІ" қарсаңында балабақшамыздың тәрбиешілерін құттықтау мақсатында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мақсаты: ұстаздар қауымын мадақтау, дәріптеу, шығармашылыққа жетелеу. Атаулы мереке қарсаңында бірқатар тәрбиешілер Құрмет грамотасы, Мадақтама, Диплом сынды марапаттарға ие болды. Жас мамандар тәжірибелі ұстаздарды құттықтап, әсем әннен шашу шашты.