Педагог-тәрбиешілер » Страница 4 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!
19
қазан
2022
МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!
"Менің Отаным-Қазақстан" атты "Таңшолпан" мектепалды тобының 25-қазан "Республика күніне" орай ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілігі
ҚЫРАНДАР АЛҒА!!!
15
қазан
2022
ҚЫРАНДАР АЛҒА!!!
"Айналайын" ересектер тобының спорттық іс-шарасынан көрініс. Тәрбиешілері Дарубаева Алия Сахановна және Тилемисова Орынкуль Жексеновна.
Жарайсыңдар, Айгөлек тобы!!!
14
қазан
2022
Жарайсыңдар, Айгөлек тобы!!!
Бүгін "Айгөлек" тобы спорттық жарыс өткізді. Атаулы шарада топ "Тұлпар" және "Сұңқар" тобы болып өзара жарыс өткізді. Екі команда да мықты шықты. Іс-шара соңын "Арқан тарту" ұлттық ойынымен аяқтады. Тәрбиешісі Акишева Гульбану Смагуловна.
Денсаулық-зор байлық!!!
12
қазан
2022
Денсаулық-зор байлық!!!
Балабақшамызда "Дені саудың- жаны сау" атты спорттық іс-шарамыз жалғасуда. Бүгін "Ақжелкен" мектепалды тобы өздерінің спорттық іс-шарасын өткізді. "Денсаулық-зор байлық" деген ұстаныммен жүретін топ, өздерінің жаттығуларымен ерекше көзге түсті. Тәрбиешісі Жакишева Акмарал Сутемгеновна
Жомарт күз сыйлықтары!!!
11
қазан
2022
Жомарт күз сыйлықтары!!!
Балабақшамызда "Жомарт күз сыйлықтары" атты ата-аналармен бірлесе көрме ұйымдастырылды. Көрмені әр топ ерекше етіп жасады. Ата-аналардың ойының ұшқырлығына балабақша педагогтері қайран қалдық. Осындай керемет көрме ұйымдастыруға атсалысқан ата-аналарымызға алғысымыз шексіз. Балабақшамыз бен ата-аналарымыздың ынтымақтастығы арта берсін!!!
"ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ" қалалық байқауының  жеңімпазы атануға үміткер
10
қазан
2022
"ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ" қалалық байқауының жеңімпазы атануға үміткер
Тәрбиешіміз Шарманова Гульзира Жаукеевна "Жаңашыл педагог-2022" атты мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері арасында ұйымдастырылатын қалалық байқауға қатысуға ниеттеніп жүр. Аудандық кезеңнен өтіп, қалалық кезеңге жолдама алуына балабақша ұжымы болып тілектеспіз. Шығар шыңыңыз биік болсын, аяулы әріптес!!!
"Қарлығаш" ортаңғы тобының спорттық іс-шарасы
07
қазан
2022
"Қарлығаш" ортаңғы тобының спорттық іс-шарасы
"Қарлығаш" ортаңғы тобының "Дені саудың-жаны сау" атты спорттық іс-шарасы. Іс-шараның мақсаты: Балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және спорттық ойындарды жүргізу арқылы дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру. Тәрбиешісі Әлімақын Ж.Е.
"Балдырған" тобында спорттық жарыс
06
қазан
2022
"Балдырған" тобында спорттық жарыс
"Балдырған" ересектер тобының "Дені саудың-жаны сау" атты спорттық іс-шарасы. Тәрбиешісі Алиякбарова Ұ.Ө.
ДЕНІ САУДЫҢ-ЖАНЫ САУ!!!
04
қазан
2022
ДЕНІ САУДЫҢ-ЖАНЫ САУ!!!
Балабақшамызда қазан айының басталуымен "Дені саудың-жаны сау" атты спорттық іс-шарамыз бастау алды. Атаулы іс-шарада жас ерекшеліктеріне байланысты топтар арасында сайыс ұйымдастырылмақшы. Іс-шараның мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықтарын қалыптастыру.  Іс-шараны  алғашқылардың бірі болып "Балапан" мектеп алды тобы бастады. Тәрбиешісі: Нургабылова Советгуль Казбековна.
ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА!!!
30
қыркүйек
2022
ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА!!!
Балабақшамызда "Ұстаздар күні" мерекесіне орай, "Балапан" мектепалды тобының бүлдіршіндері және тәрбиешісі Советгуль Казбековна, музыка жетекшісі Гүлнұр Кеңесбайқызы бірлесе отырып мерекелік ертеңгілік ұйымдастырды. Атаулы шара барысында балалар балабақша тәрбиешілеріне әндері мен билерін тарту етіп, жылы лебіздерімен бөлісті.