Педагог-тәрбиешілер » Страница 5 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
30
қыркүйек
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында балабақшамыздың үлгілі, шығармашыл, өз ісінің маманы, білікті тәрбиешісі Алпысбаева Асемкул Абаевна  білім беру саласында атқарған еңбегі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Асемкул Абаевна шығар шыңыңыз биік болсын!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
30
қыркүйек
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында балабақшамызда бірнеше тәрбиешілер ұрпақ тәрбиесіне қосқан елеулі үлестері үшін "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының мадақтамасымен марапатталды. Атап өтсек: Нуртазаева Г.С., Аралбек Д.А., Токтагулова М.Д., Умбеталиева Г.Е. және Башекова Ж.Б. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер аяулы ұстаздар!!!
ҮЗДІК ТОП
30
қыркүйек
2022
ҮЗДІК ТОП
Балабақшамызда "Үздік топ" атты байқаудан өзінің тазалығымен, тәртібімен және белсенділігімен балабақша ішілік байқауда  топты жарып шыққан "Айгөлек" тобы болды. Тәрбиешілері Гульбану Смагуловна мен Айсара Шаштаеваны шын көңілден құттықтаймыз!!!
ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ
30
қыркүйек
2022
ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ
Балабақшамызда жазғы сауықтыру іс-шараларының өткізілуі және берілген тапсырманы тиянақты орындауы сияқты бірнеше критерийлер бойынша "Үздік тәрбиеші" атты байқау жарияланған болатын, атаулы байқаудың нәтижесі  "Ұстаздар күні" қарсаңында белгілі болды. Тәрбиешілер арасында озып шыққан "Балдырған" ересектер тобының тәрбиешісі Алиякбарова Ұлбала Өтепқызы болды. Құттықтаймыз!!!
ДЕНІ САУДЫҢ-ЖАНЫ САУ
21
қыркүйек
2022
ДЕНІ САУДЫҢ-ЖАНЫ САУ
Балабақшамызда "Дені саудың-жаны сау" атты шеберлік сыныбы болып өтті. Мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, біліктілігін көтеру.
1-ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ
01
қыркүйек
2022
1-ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ
Балабақшамызда 1-қыркүйек "Білім күніне" орай мерекелік іс-шара өткізілді. Атаулы шара барысында балабақша тәрбиеленушілері Білім күніне арнаған өлең жолдары мен әндерін ортаға салды. Шараны музыка жетекшілері Қозбағарова Г.К. және Байдаулетова М.М. ұйымдастырды.
Тәрбиешілер өз білімін жетілдіруде
13
шілде
2022
Тәрбиешілер өз білімін жетілдіруде
Тәрбиешіміз Әлімақын Жанар Ерланқызы 04.07-15.07.2022 ж педагогтерге арналған БАҰО "Өрлеуге" "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту" тақырыбында курсқа барып өз білімін жетілдіруде
"МЕЙІРІМДІ ТӘРБИЕШІ-2022" ФОРУМЫ
30
мамыр
2022
"МЕЙІРІМДІ ТӘРБИЕШІ-2022" ФОРУМЫ
28-мамыр 2020 жылы "Мәңгілік ел жастары" қоғамдық қорының ұйымдастырумен  мектепалды даярлық және балабақша тәрбиешілеріне арналған "МЕЙІРІМДІ ТӘРБИЕШІ-2022" форумына  қатыстық. Атаулы шара республика деңгейінде, Сүлейман Демирель университетінің қабырғасында өтті. Форумның мақсаты: Тәрбиешілердің қоғамдағы мәртебесі мен кәсіби құзіреттілігін дамыту жолында атқарылуы тиіс міндеттерді анықтау.  Осындай іс-шараларға қатысу біздің әріптестеріміздің кәсіби өсуі үшін және өз білімдерін жетілдірудің
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
09
наурыз
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің "Шексіз талант" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер" және "Үздік монолог" номинациясы бойынша орынға ие болған педагогтарымызды құттықтаймыз!!!