Балалар жұмысы » Страница 6 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бау-бақшамыз жайқалған
28
маусым
2022
Бау-бақшамыз жайқалған
"Ботақан" тобы серуен кезінде бау-бақшада көкөністермен танысып, оларды күтіп-баптау әдістерін  үйренуде
Бақшамыздағы  серуен
23
маусым
2022
Бақшамыздағы серуен
Биыл балабақшамыздың ауласына бақша ектік. Серуен кезінде балалар бақшадағы көкөністердің өсуін бақылап, өнімдерін тереді. Осы арқылы олар табиғатты сүюге тәрбиеленеді.
Тәуелсіздік және елбасы
26
қараша
2021
Тәуелсіздік және елбасы
Бүгін балабақшамызда "Тәуелсіздік және елбасы" атты тақырыпта "Тұңғыш президент күні" мерекесіне  орай ұйымдастырылған байқау болып өтті. Байқауға ересек және мектепалды топ бүлдіршіндері белсене қатысты. Әр бүлдіршін өзінің өлеңін ерекше махаббатпен және ықыласпен оқып шықты. Мереке соңында бүлдіршіндер алғысқа бөленіп, мақтау грамоталарымен марапатталды.
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ДОБЫМ!
16
шілде
2021
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ДОБЫМ!
Мүсіндеу техникасын меңгеру қол қимылының дамуына жәрдемдеседі және балалардың шығармашылыын дамытуға мүмкіндік береді. Мүсін жасауда балаға ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет. Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады. Суретте  "Құлыншақ" тобы. Тәрбиешісі
Біз спортты сүйеміз!!!
14
шілде
2021
Біз спортты сүйеміз!!!
Жаз мезгілінің келуімен қатар, балабақшамызда барлық іс-шаралар, ойын-сауықтар дерлік таза ауа аясында өткізіледі. Бүгінгі іс-шарамыз да әдеттегідей таза ауада өткізілді. "Айналайын" тобының бүлдіршіндері  өздерінің кішкентай болғандарына қарамастан спорттық шараны жоғары деңгейде өткізіп шықты. Тәрбиешісі Байдаулетова Мадина Мухаметовна.
ДӘСТҮРДЕН ТЫС СУРЕТ САЛУ ӘДІСІ
07
шілде
2021
ДӘСТҮРДЕН ТЫС СУРЕТ САЛУ ӘДІСІ
Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы Әдемілікті сезіну, шығармашылық қабілеттің қалыптасуы балалық шақтан басталады. Жас нәрестенің өзі әсемдікті ерте қабылдайды. Оның санасында жаңа қайталанбас ойдың тууына алып келеді. Барлығымыздың да балалық шағымызда суретші, мүсінші болғымыз келгені анық. Қабырғалар мен жарларға, ағаш, құм, топырақ беттеріне, әр түрлі шытырман суреттер бейнелегендіктеріміз есімізде. Бұл бейнелеуге деген әуесқойлық біртіндеп басылады, сурет өнеріне берілген көркем
ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
06
мамыр
2021
ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
9-МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКСІ ҚАРСАҢЫНДА "БӘЙТЕРЕК" МЕКТЕПАЛДЫ ТОБЫ "БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН, ӘЛЕМДЕ!!!" АТТЫ ТАҚЫРЫПТА МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК ӨТКІЗДІ. ТӘРБИЕШІСІ: АКИШЕВА ГУЛЬБАНУ СМАГУЛОВНА. МУЗЫКА ЖЕТЕКШІСІ: ҒАЗИЗ МЕРУЕРТ МУХАМЕТОВНА
"ЖАЛҒАСЫ БАР, ЖЫРЫМНЫҢ ЖАЛҒАСЫ БАР...."
11
наурыз
2021
"ЖАЛҒАСЫ БАР, ЖЫРЫМНЫҢ ЖАЛҒАСЫ БАР...."
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН "ЖАЛҒАСЫ БАР ЖЫРЫМНЫҢ ЖАЛҒАСЫ БАР..." АТТЫ МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫНАН БАЙҚАУДА "ҚАРЛЫҒАШ" МЕКТЕПАЛДЫ ТОБЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ ПЕРНЕБАЙ ӘЛІБЕК" 2-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ. БИІК ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРА БЕР, ӘЛІБЕК!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
15
ақпан
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
№12 "Бәйтерек" мектепалды тобының тәрбиеленушісі  Айдынбекқызы Айбота Республикалық "Жас дарын" және "Өрлеу" порталының ұйымдастыруымен Қазақстан ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу шығармашылық байқауына қатысып, "Өлең-сөздің патшасы" номинациясы бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жеңісің құтты болсын, Айбота!!!
"Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме
18
қаңтар
2021
"Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме
Ересектер және мектепалды топтарында "Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме ұйымдастырылды. Атаулы шараға балалармен бірге ата-аналар да араласып жатыр. Барлық жасалған дүниелер бірінен-бірі өтіп көздің жауын алады. Осы шара арқылы ата-аналар мен балабақша ынтымақтастығы арта түскендей болды.  іс-шараның мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, қысқы табиғатпен таныстыру, ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.