Ата-аналарға » Страница 13 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жомарт күз сыйлықтары!!!
11
қазан
2022
Жомарт күз сыйлықтары!!!
Балабақшамызда "Жомарт күз сыйлықтары" атты ата-аналармен бірлесе көрме ұйымдастырылды. Көрмені әр топ ерекше етіп жасады. Ата-аналардың ойының ұшқырлығына балабақша педагогтері қайран қалдық. Осындай керемет көрме ұйымдастыруға атсалысқан ата-аналарымызға алғысымыз шексіз. Балабақшамыз бен ата-аналарымыздың ынтымақтастығы арта берсін!!!
"Қарлығаш" ортаңғы тобының спорттық іс-шарасы
07
қазан
2022
"Қарлығаш" ортаңғы тобының спорттық іс-шарасы
"Қарлығаш" ортаңғы тобының "Дені саудың-жаны сау" атты спорттық іс-шарасы. Іс-шараның мақсаты: Балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және спорттық ойындарды жүргізу арқылы дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру. Тәрбиешісі Әлімақын Ж.Е.
"Балдырған" тобында спорттық жарыс
06
қазан
2022
"Балдырған" тобында спорттық жарыс
"Балдырған" ересектер тобының "Дені саудың-жаны сау" атты спорттық іс-шарасы. Тәрбиешісі Алиякбарова Ұ.Ө.
ДЕНІ САУДЫҢ-ЖАНЫ САУ!!!
04
қазан
2022
ДЕНІ САУДЫҢ-ЖАНЫ САУ!!!
Балабақшамызда қазан айының басталуымен "Дені саудың-жаны сау" атты спорттық іс-шарамыз бастау алды. Атаулы іс-шарада жас ерекшеліктеріне байланысты топтар арасында сайыс ұйымдастырылмақшы. Іс-шараның мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықтарын қалыптастыру.  Іс-шараны  алғашқылардың бірі болып "Балапан" мектеп алды тобы бастады. Тәрбиешісі: Нургабылова Советгуль Казбековна.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
30
қыркүйек
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында балабақшамыздың үлгілі, шығармашыл, өз ісінің маманы, білікті тәрбиешісі Алпысбаева Асемкул Абаевна  білім беру саласында атқарған еңбегі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Асемкул Абаевна шығар шыңыңыз биік болсын!!!
ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ
30
қыркүйек
2022
ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ
Балабақшамызда жазғы сауықтыру іс-шараларының өткізілуі және берілген тапсырманы тиянақты орындауы сияқты бірнеше критерийлер бойынша "Үздік тәрбиеші" атты байқау жарияланған болатын, атаулы байқаудың нәтижесі  "Ұстаздар күні" қарсаңында белгілі болды. Тәрбиешілер арасында озып шыққан "Балдырған" ересектер тобының тәрбиешісі Алиякбарова Ұлбала Өтепқызы болды. Құттықтаймыз!!!
"Қауіпсіз жолды таңдаймыз"
06
ақпан
2026
"Қауіпсіз жолды таңдаймыз"
“Қауіпсіз жолды табамыз” тақырыбында іс-шара мектепалды Ақжелкен тобымен ұйымдастырылды. Балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу мақсатында төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде түсінік берілді. Олардан сақтану жолдары мен алғашқы көмек көрсету шаралары мен таныстырылып, ойын арқылы балалардың білімдері кеңейіп, түсініктері арта түсті Топ тәрбиешісі: Сарсенбаева Б.Т.
1-ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ
01
қыркүйек
2022
1-ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ
Балабақшамызда 1-қыркүйек "Білім күніне" орай мерекелік іс-шара өткізілді. Атаулы шара барысында балабақша тәрбиеленушілері Білім күніне арнаған өлең жолдары мен әндерін ортаға салды. Шараны музыка жетекшілері Қозбағарова Г.К. және Байдаулетова М.М. ұйымдастырды.