Ата-аналарға » Страница 14 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шалғындағы саңырауқұлақтар
24
тамыз
2022
Шалғындағы саңырауқұлақтар
"Айгөлек" тобы "Шалғындағы саңырауқұлақтар" тақырыбында жапсыру жұмысын жасауда.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
05
тамыз
2022
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
Құрметті ата-аналар!!! Мектепке дейінгі ұйымдар қызметін автоматтандыру, ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың балабақшаға келуін мониторингілеу және бақылау үшін "Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ 10-тамыз 2022 жылдан бастап QR код және iGOLEK Familу мобильді қосымшасы арқылы балабақшаға келу функционалын енгізуді жоспарлағанын хабарлайды.
ДӘСТҮРДЕН ТЫС СУРЕТ САЛУ
27
шілде
2022
ДӘСТҮРДЕН ТЫС СУРЕТ САЛУ
"Құлыншақ" тобы дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданып "Көңілді күн" тақырыбында сурет салды. Мақсаты: балаларға әр түрлі сурет салу әдістерін үйрету және көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
ЖӘНДІКТЕР ӘЛЕМІ
22
шілде
2022
ЖӘНДІКТЕР ӘЛЕМІ
"Жәндіктер әлемі" тақырыбында балалар желімдеу арқылы "Жұлдызқұрт" жасады. Мақсаты: балаларды жәндіктер әлемімен таныстыру, шығармашылықтарын дамыту.
Сумен шынықтыру
13
шілде
2022
Сумен шынықтыру
Шынығу [1] - организмнің ауа райының қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыруға арналған шаралар жиынтығы. Шынығуға негізінен ауа, су, күн сәулесі пайдаланылады және бұлар дене шынықтыру жаттығуларымен байланыстырылса, шынықтырудың төзімділігі арта түседі. Суретте "Көгершін" тобының балалары сумен шынығуда. Тәрбиешісі Нұрболатқызы Назерке.
Дәстүрден тыс сурет салу әдісі
13
шілде
2022
Дәстүрден тыс сурет салу әдісі
"Балапан" тобының тәрбиеленушілері дәстүрден тыс сурет салу әдісін қолдану арқылы "Бақ-бақ" гүлін бейнеледі. Тәрбиешісі Шаштаева Айсара балаларға "Бақ-бақ" гүлін бейнелетіп қана қоймай, оның емдік қасиеттері бар өсімдік екенін айтып берді.
Тәрбиешілер өз білімін жетілдіруде
13
шілде
2022
Тәрбиешілер өз білімін жетілдіруде
Тәрбиешіміз Әлімақын Жанар Ерланқызы 04.07-15.07.2022 ж педагогтерге арналған БАҰО "Өрлеуге" "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту" тақырыбында курсқа барып өз білімін жетілдіруде
КӨРКЕЙЕ БЕР, НҰР-СҰЛТАН!!!
05
шілде
2022
КӨРКЕЙЕ БЕР, НҰР-СҰЛТАН!!!
Бүгін балабақшамызда 6-шілде "ҚР Астанасы" күніне орай барлық топтарда тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Атаулы шараның мақсаты: балаларға Отанды сүюді, елін, жерін құрметтеуді үйрету. 
ӨЖЕТ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР
22
маусым
2022
ӨЖЕТ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР
Бүгін балабақшамызда "Өжет өрт сөндірушілер"; "Құтқарушылар"; "101 қызметі" сынды тақырыптарда оқу қызметтері, ойындар өткізіліп, әңгімелесу жүргізілді. Мақсаты: балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтып түсіндіру, өрттен сақтану жолдарын үйрету, көмекке жүгіну әдістерін таныстыру. 
ГҮЛДЕР БІЗДІҢ СӘНІМІЗ
16
маусым
2022
ГҮЛДЕР БІЗДІҢ СӘНІМІЗ
"Гүлдер біздің сәніміз" тақырыбында іс-шара өтікізлді. Атаулы шараның мақсаты: балаларға гүлдің түрлерін таныстыра отырып, олардың адам өміріне пайдасын түсіндіру. Гүлдерді күтіп баптау әдістерін үйрету, табиғатты сүюге баулу.