Ата-аналарға » Страница 17 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-Наурыз "Алғыс  айту күні" құтты болсын!!!
02
наурыз
2021
1-Наурыз "Алғыс айту күні" құтты болсын!!!
1-Наурыз "Алғыс айту күні" мерекесіне орай балабақшамыздың барлық топтарында мерекеге байланысты іс-шара өтікізілді. Атаулы шара негізінде жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға Ата-анаға, балабақшаға, ұстаздарға, табиғатқа алғыс сынды тақырыптар бөліп берілді.  Алғыс айту күні-Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған "Мәңгілік ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
15
ақпан
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
№12 "Бәйтерек" мектепалды тобының тәрбиеленушісі  Айдынбекқызы Айбота Республикалық "Жас дарын" және "Өрлеу" порталының ұйымдастыруымен Қазақстан ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу шығармашылық байқауына қатысып, "Өлең-сөздің патшасы" номинациясы бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жеңісің құтты болсын, Айбота!!!
Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар....
12
ақпан
2021
Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар....
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай балабақшамызда "Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..." атты тақырыпта балабақша тәрбиеленушілері арасында ақынның өлеңдерін оқудан балабақша ішілік байқау өткізілді.  Байқаудың мақсаты: Тәрбиеленушілер арасында дарынды балаларды анықтау, балалардың тілін, сөйлеу қабілетін дамыту.
ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР
18
қаңтар
2021
ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР
Балабақшамызда "ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР" атты спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: Табиғат көріністерімен таныстыру, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігімен таныстыру, балалардың денсаулығын нығайту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.  Атаулы шара өте қызықты өтті. Балалар өзара күш сынасып, қашықтыққа жүгіріп, шана сүйреп жарысып, мәре-сәре күйге бөленді. 
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" АКЦИЯСЫ
21
желтоқсан
2020
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" АКЦИЯСЫ
Құрметті ата-аналар!!! Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында бейне-дәрісі әзірленді. Аталған бейне-дәрістер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны, әлеуметтік желілер арқылы халыққа парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.  Бейне-дәрісті сілтеме арқылы көре аласыздар: ) 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
08
желтоқсан
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жоғары санатты тәрбиешіміз Нургабылова Советгуль Казбековнаны "ұлттық мұра-Ұлы Абай" тақырыбында қашықтықтан өткізілген мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 6-шы Республикалық слетінің жұмысына белсене араласқаны үшін алған Алғыс хаты мен Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы медалімен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз елене берсін ардақты ұстаз!!!
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
09
шілде
2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!   БАЛАБАҚШАМЫЗДА  13.07.2020 ЖЫЛЫ 2015, 2016 ЖЫЛЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН БАЛАЛАР ҮШІН  ОРЫНДАР БЕРІЛЕДІ. БЕРІЛГЕН ОРЫНДАРДЫ 14.07.2020 ЖЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ. АЛ, 17.07.2020 ЖЫЛЫ ОЛ ОРЫНДАРДЫ КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН БАРЛЫҚ БАЛАЛАР  АЛА АЛАДЫ.  СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БОЙЫНША 374-16-20 НЕМЕСЕ 374-16-23 ТЕЛЕФОНДАРЫ АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗДАР