Ертеңгіліктер » Страница 10 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН" МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
30
сәуір
2021
"ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН" МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай балабақшамызда "ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН"  атты мерекелік іс-шара өткізілді. Атаулы іс-шараны  мектепалды тобы "Ботақан" бүлдіршіндері және тәрбиешісі Алпысбаева Асемкул Абаевна ұйымдастырды. Жетекшілік еткен музыка жетекшісі - Ғазиз Меруерт Мухаметқызы. Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге
"ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ" МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
19
наурыз
2021
"ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ" МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған "Тарихқа тағзым" атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.  Ертеңгілікті мектепалды тобы "Қарлығаш" бүлдіршіндері және тәрбиешісі Нургабылова Советгуль Казбековна ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу.
"ЖАЛҒАСЫ БАР, ЖЫРЫМНЫҢ ЖАЛҒАСЫ БАР...."
11
наурыз
2021
"ЖАЛҒАСЫ БАР, ЖЫРЫМНЫҢ ЖАЛҒАСЫ БАР...."
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН "ЖАЛҒАСЫ БАР ЖЫРЫМНЫҢ ЖАЛҒАСЫ БАР..." АТТЫ МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫНАН БАЙҚАУДА "ҚАРЛЫҒАШ" МЕКТЕПАЛДЫ ТОБЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ ПЕРНЕБАЙ ӘЛІБЕК" 2-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ. БИІК ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРА БЕР, ӘЛІБЕК!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
02
наурыз
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарның "ШЕКСІЗ ТАЛАНТ"  қалалық шығармашылық фестивалінің қалалық кезеңінде музыка жетекшілеріміз Ғазиз Меруерт Мухаметовна және Кыдырмуратова Айнамкөз Уалиевна "АСПАПТЫҚ МУЗЫКА" номинациясы бойынша "Ұлы даланың ежелгі мотивтері" тақырыбында күйлерден попурри орындаудан 1-орынды  иемденді. АЯУЛЫ ӘРІПТЕСТЕР, ӘРҚАШАН БИІКТЕРДЕН КӨРІНЕ БЕРІҢІЗДЕР!!!   https://www.instagram.com/tv/CL4OM6upoVK/?igshid=17ciwehiu5azr
1-Наурыз "Алғыс  айту күні" құтты болсын!!!
02
наурыз
2021
1-Наурыз "Алғыс айту күні" құтты болсын!!!
1-Наурыз "Алғыс айту күні" мерекесіне орай балабақшамыздың барлық топтарында мерекеге байланысты іс-шара өтікізілді. Атаулы шара негізінде жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға Ата-анаға, балабақшаға, ұстаздарға, табиғатқа алғыс сынды тақырыптар бөліп берілді.  Алғыс айту күні-Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған "Мәңгілік ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
26
ақпан
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарның "ШЕКСІЗ ТАЛАНТ"  қалалық шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңінде музыка жетекшілеріміз Ғазиз Меруерт Мухаметовна және Кыдырмуратова Айнамкөз Уалиевна "АСПАПТЫҚ МУЗЫКА" номинациясы бойынша "Ұлы даланың ежелгі мотивтері" тақырыбында күйлерден попурри орындаудан БАС ЖҮЛДЕНІ  иемденсе, тәрбиешіміз Байдаулетова Мадина Мухаметовна "ВОКАЛ" номинациясы бойынша 3-ОРЫНҒА  ие болды.  Ортақ жеңісіміз құтты болсын, әріптестер!!!
Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар....
12
ақпан
2021
Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар....
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай балабақшамызда "Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..." атты тақырыпта балабақша тәрбиеленушілері арасында ақынның өлеңдерін оқудан балабақша ішілік байқау өткізілді.  Байқаудың мақсаты: Тәрбиеленушілер арасында дарынды балаларды анықтау, балалардың тілін, сөйлеу қабілетін дамыту.
"Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме
18
қаңтар
2021
"Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме
Ересектер және мектепалды топтарында "Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме ұйымдастырылды. Атаулы шараға балалармен бірге ата-аналар да араласып жатыр. Барлық жасалған дүниелер бірінен-бірі өтіп көздің жауын алады. Осы шара арқылы ата-аналар мен балабақша ынтымақтастығы арта түскендей болды.  іс-шараның мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, қысқы табиғатпен таныстыру, ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР
18
қаңтар
2021
ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР
Балабақшамызда "ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚТАР" атты спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: Табиғат көріністерімен таныстыру, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігімен таныстыру, балалардың денсаулығын нығайту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.  Атаулы шара өте қызықты өтті. Балалар өзара күш сынасып, қашықтыққа жүгіріп, шана сүйреп жарысып, мәре-сәре күйге бөленді. 
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА
29
желтоқсан
2020
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА
Елімізде белең алып жатқан індетке байланысты биыл "ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ" ертеңгіліктер болған жоқ.  Дегенмен, балаларға көңіл-күй сыйлау үшін тәрбиешілеріміз өз топтарында шырша құрып, балаларға  өлең айтқызып, ән шырқатып, би билетіп мерекелік шаттыққа бөледі.