Ертеңгіліктер » Страница 3 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!
17
наурыз
2023
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!
Ұлыстың ұлы күні аталған "22-Наурыз" мерекесіне арналған іс-шарамыздың бүгін соңғы күні. Атаулы іс-шаралар барысында балалар халқымыздың байырғы тыныс тіршілігімен толық танысып,батырларымызды, билерімізді танып біліп, ұлттық билерімізді билеп, дәстүрлі әндерімізді шырқап, нағыз мерекелік күйге бөленді.
Наурыз айы туғанда...
16
наурыз
2023
Наурыз айы туғанда...
Биылғы жылы балабақшамызда "22-Наурыз Ұлыстың ұлы күні"  аталатын айтулы  мерекені ерекше форматта атап өтуді жөн көрдік. Барлық топтарға "Баталар" , "Дәстүрлі әндер", "Билер сөзі", "Батырлар жыры", "Мақал-мәтелдер" , "Тыйым сөздер" , "Ұлттық ойындар", "Қазақ билері" сынды тақырып таңдатып, сол тақырып аясында іс-шара өткізуді тапсырдық. Берілген тақырыптар бойынша барлық топ дайындалып, керемет іс-шарамыз дүбірлі думанға жалғасты.
Қош келдің, әз Наурыз!!!
15
наурыз
2023
Қош келдің, әз Наурыз!!!
Балабақшамызда "Қош келдің, әз Наурыз!!!" атты 22-Наурыз меркесіне арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Мақсаты: Балаларға салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды таныстыру. Қазақ халқының мәдениетімен таныстыру.
АНАШЫМ,АНАШЫМ, БІЗГЕ ҚЫМБАТ ДАНАСЫҢ!!!
03
наурыз
2023
АНАШЫМ,АНАШЫМ, БІЗГЕ ҚЫМБАТ ДАНАСЫҢ!!!
Балабақшамызда 27 ақпан- 3 наурыз аралығында "8-Наурыз" мерекесіне орай барлық топтарда "Анашым, анашым, маған қымбат данасың"; "Анашым, анам, ризамын саған", "Қыз өссе елдің көркі"; "Қыздарға әсемдік жарасады" атты тақырыптарда мерекелік ертеңгіліктер өткізілуде.
Қош келдің, Жаңа жыл!
27
желтоқсан
2022
Қош келдің, Жаңа жыл!
Балабақшамызда Жаңа жылдық ертеңгіліктер жалғасын табуда. Барлық топтарда көтеріңкі көңіл-күй және балалардың сыңғырлаған бақытты күлкілері естілуде.  Мерекені ұйымдастыруда музыка жетекшілері Қозбағарова Г.К. мен Байдаулетова М.М. және барлық топ тәрбиешілерінің еңбектері зор. Ертеңгіліктеріміздің мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас орнату. 
Жаңа жылда жаңа нұр!
23
желтоқсан
2022
Жаңа жылда жаңа нұр!
Балабақшамызда Жаңа жыл мерекесінің ертеңгіліктері бастау алды. Көштің басын алғашқылардың бірі болып "Жұлдызша"кіші тобы және "Көгершін"ортаңғы тобы бастаса, "Аққу" кіші тобы, "Айналайын", "Ботақан" ересектер топтары, "Айгөлек"  мектепалды топтары жалғастырды. Атаулы шараның мақсаты: Балаларға мерекенің   мазмұнын түсіндіру. Сахна мәдениетіне үйрету. Балаларды топпен ән салуға, би билеуге дағдыландыру. Мереке барысында өздерін ұстау, бір-біріне қошемет көрсетуге тәрбиелеу.
Күз жомарт дейміз біз, жемісін жейміз біз!!!
10
қараша
2022
Күз жомарт дейміз біз, жемісін жейміз біз!!!
Балабақшамыздың барлық топтарында "Күз жомарт дейміз біз, жемісін жейміз біз", "Алтын күз", "Берекелі Алтын күз" атты  мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту. 
Қош келдің, Алтын күз!!!
09
қараша
2022
Қош келдің, Алтын күз!!!
Балабашамызда қараша айының басында "Алтын күз" атты ертеңгіліктер өткізілді. Суретте "Айгөлек" мектепалды тобы.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
20
қазан
2022
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
"КҮН СӘУЛЕЛІ, ҚАЗАҚСТАНЫМ МЕНІҢ" атты мерекелік іс-шара. Ұйымдастырушылар: "Құлыншақ" ересектер тобының тәрбиешілері: Дарубаева Мансия Сахановна,  Аралбек Дария Адильгазыевна және музыка жетекшісі Қозбағарова Гүлнұр Кеңесбайқызы.
КҮН ШУАҚТЫ ҚАЗАҚСТАН!
20
қазан
2022
КҮН ШУАҚТЫ ҚАЗАҚСТАН!
Балабақшамызда бүгін "Республика күніне" арналған мерекелік ертеңгіліктер жалғасын табуда. Суретте "Ботақан" ересектер тобының ертеңгілігінен көрініс. Тәрбиешілері: Башекова Ж.Б., Ахметова А.К.