Ертеңгіліктер » Страница 5 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚР астанасының символы
05
шілде
2022
ҚР астанасының символы
"Ақжелкен" тобы Астана күніне орай топта "Астанамыздың символы" атты викториналық ойын ұйымдастырды. Ойын арқылы балаларға сұрақтар қоя отырып, астананың символына арналған "Бәйтерек" бейнесінің пазлын жинады. 
ЖАЙНАЙ БЕРСІН, БАҚШАМЫЗ!
05
шілде
2022
ЖАЙНАЙ БЕРСІН, БАҚШАМЫЗ!
Балабақша тәрбиеленушілері күнделікті серуен кезінде балабақша ауласындағы гүлдерді күтіп-баптау әдістерімен танысып, өздерінің де  үлестерін қосады. Осылай, тәрбиешілер балаларды еңбекке баулиды, табиғатты қорғауға шақырады.
КӨРКЕЙЕ БЕР, НҰР-СҰЛТАН!!!
05
шілде
2022
КӨРКЕЙЕ БЕР, НҰР-СҰЛТАН!!!
Бүгін балабақшамызда 6-шілде "ҚР Астанасы" күніне орай барлық топтарда тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Атаулы шараның мақсаты: балаларға Отанды сүюді, елін, жерін құрметтеуді үйрету. 
Бау-бақшамыз жайқалған
28
маусым
2022
Бау-бақшамыз жайқалған
"Ботақан" тобы серуен кезінде бау-бақшада көкөністермен танысып, оларды күтіп-баптау әдістерін  үйренуде
ӨРТ-ТІЛСІЗ ЖАУ
23
маусым
2022
ӨРТ-ТІЛСІЗ ЖАУ
Мүсіндеу оқу қызметінде балалар "ӨРТ-ТІЛСІЗ ЖАУ" деген тақырыпта жұмыс жасады. Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұғындырып, оттан сақ болу шараларын үйрету.
Бақшамыздағы  серуен
23
маусым
2022
Бақшамыздағы серуен
Биыл балабақшамыздың ауласына бақша ектік. Серуен кезінде балалар бақшадағы көкөністердің өсуін бақылап, өнімдерін тереді. Осы арқылы олар табиғатты сүюге тәрбиеленеді.
Сурет салу оқу қызметі
22
маусым
2022
Сурет салу оқу қызметі
"Сурет салу" оқу қызметінен көрініс. Суретте балалар "Кірпінің баласы" деген тақырыпта жұмыс жасауда.
ӨЖЕТ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР
22
маусым
2022
ӨЖЕТ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР
Бүгін балабақшамызда "Өжет өрт сөндірушілер"; "Құтқарушылар"; "101 қызметі" сынды тақырыптарда оқу қызметтері, ойындар өткізіліп, әңгімелесу жүргізілді. Мақсаты: балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтып түсіндіру, өрттен сақтану жолдарын үйрету, көмекке жүгіну әдістерін таныстыру. 
ОЙЫН-БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ  ӘДІСІ
21
маусым
2022
ОЙЫН-БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСІ
Ойын-баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес. Суретте балалар серуен кезінде құммен ойнауда.
ЖАЗ МЕЗГІЛІ ТАМАША
20
маусым
2022
ЖАЗ МЕЗГІЛІ ТАМАША
Жаз мезгілі балалардың асыр салып ойнайтын мезгілі. Ойын арқылы балалардың ой-өрісі дамып, денесі шынығады.