Ертеңгіліктер » Страница 8 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ
11
ақпан
2022
ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ
"АҚҚУ" мектепалды тобанда "ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ" атты ойын-сауық шарасы өткізілді. Мақсаты:Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Табиғатты сүюге үйрету. Тәрбиешісі: Жакишева Акмарал Сутемгеновна
АҚҚАЛА БІЗДЕ ҚОНАҚТА!
10
ақпан
2022
АҚҚАЛА БІЗДЕ ҚОНАҚТА!
"Балапан" ересектер тобының тәрбиешісі Нургабылова Советгуль Казбековна "АҚҚАЛА БІЗДЕ ҚОНАҚТА" деген тақырыпта іс-шара өткізді.  Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі және ондағы қызықтар туралы мәлімет беру. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА...
27
желтоқсан
2021
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА...
          Балабақшамызда "Жасыл шырша жанында"; "Қош келдің, Жаңа жыл"; "Армысың, Жаңа жыл" сынды тақырыптарда ертеңгіліктер өтуде. Биыл Жаңа жылға арналған ертеңгіліктер елімізде болып жатқан шектеу шараларына байланысты топтарда өтуде. Соған қарамастан балабақша тәрбиешілері және қызметкерлері балабақша бүлдіршіндеріне мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Атаулы шараны музыка жетекшілері Ғазиз М.М. және Кыдырмуратова А.У. ұйымдастыруда.
БАЛАНЫҢ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУЫ
27
желтоқсан
2021
БАЛАНЫҢ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУЫ
    Бүгін балабақшамызда тәрбиешілерге арналған "Баланың сенсорлық дамуы" атты тақырыпта желтоқсан айына  жоспарланған семинар болып өтті. Семинар барысында жалпы "сенсорика" жайлы түсінік, баланың сенсорлық дамуы туралы ақпарат, сенсорлық тәрбие туралы мағлұматтар берілді. Атаулы тақырыпта баяндаманы кіші топ тәрбиешісі Божбанбаева Эльмира Палмахановна жасады.  Ол тәрбиешілермен өзінің іс-тәжірибесінде жасап жүрген оқу қызметтерге арналған материалдар және ойын түрлерімен бөлісті. 
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН"
14
желтоқсан
2021
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН"
Балабақшамызда ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Тәуелсіз елім-Қазақстан" атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.  Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын арттыру. Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Отанды сүюге және ерлікке баулу.  Суретте "Жұлдызша" мектепалды тобы. Тәрбиешісі Дарубаева А.С.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
29
қараша
2021
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Балабақшамызда "Тұңғыш президент күніне" орай "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Атаулы шараны "Көгершін" мектепалды топ тәрбиеленушілері және  тәрбиешісі Әлімақын Жанар Ерланқызы ұйымдастырды. 
"Тәуелсіздік тірегім, сен деп соққан жүрегім"
26
қараша
2021
"Тәуелсіздік тірегім, сен деп соққан жүрегім"
Бүгін Алмалы ауданы кәсіподақ ұйымында "Тәуелсіздік- тірегім, сен деп соққан жүрегім" атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30-жыл толуына байланысты аудан мекемелері ұстаздарының арасында байқау өткізілді. Біздің балабақшамыздың атынан музыка жетекшісі Кыдырмуратова Айнамкоз Уалиевна қатысты.  Ол өзінің әнін әуелете шырқап, мақтау грамотасымен марапатталды.
Тәуелсіздік және елбасы
26
қараша
2021
Тәуелсіздік және елбасы
Бүгін балабақшамызда "Тәуелсіздік және елбасы" атты тақырыпта "Тұңғыш президент күні" мерекесіне  орай ұйымдастырылған байқау болып өтті. Байқауға ересек және мектепалды топ бүлдіршіндері белсене қатысты. Әр бүлдіршін өзінің өлеңін ерекше махаббатпен және ықыласпен оқып шықты. Мереке соңында бүлдіршіндер алғысқа бөленіп, мақтау грамоталарымен марапатталды.
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30-ЖЫЛ"
12
қараша
2021
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30-ЖЫЛ"
Қазақстан Республикасының 30-жылдығына орай балабақшамызда  көрме ұйымдастырылды. Атаулы шараға барлық топ бүлдіршіндері мен ата-аналары  атсалысты.  Мақсаты: Балаларға тәуелсіздігімізді дәріптеуді, тәуелсіздік мерекесін құрметтеуді үйрету, бойларына сіңіру.  Шараны ұйымдастырушылар: әдіскер Медетова В.А. және тәрбиеші Шарманова Г.Ж.
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰМАРЫМ, НҰРЫН ШАШҚАН ШЫРАҒЫМ
12
қараша
2021
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰМАРЫМ, НҰРЫН ШАШҚАН ШЫРАҒЫМ
Балабақшамызда Қазақстан Республикасының 30-жылдығына орай қалалық деңгейде "Тұғырлы тәуелсіздік-тұмарым, нұрын шашқан шырағым" тақырыбында  ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді. Мақсаты: Отан туралы, мемлекеттік мерекелер, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Патриоттық тәрбиені бойларына сіңіру, ұжыммен жұмыс жасауға дағдыландыру.