Медициналық кеңес.
“Салауатты балалық шақ”
(қараша айы)
Мақсаты:
Ұйымдаспаған балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бейімдеу, олардың әлеуметтік, эмоционалдық және танымдық дамуына қолдау көрсету.
Міндеттері:
• Баланың физикалық және психологиялық саулығын сақтау;
• Салауатты өмір салты туралы ата-аналардың білімін арттыру;
• Баланың жас ерекшелігіне сай қозғалыс белсенділігін дамыту;
• Үй жағдайында дұрыс күн тәртібін қалыптастыруға бағыт беру;
• Баланы біртіндеп ұжымға бейімдеуге жағдай жасау.
Жұмыс бағыттары:
1. Ата-анамен жұмыс:
• Кеңес беру (тамақтану, күн тәртібі, қозғалыс белсенділігі);
• Жеке және топтық әңгімелер;
• Сауалнама жүргізу.
2. Баламен жұмыс:
• Қозғалыс ойындары;
• Саусақ жаттығулары, сергіту сәттері;
• Таза ауадағы серуендер;
• Денсаулыққа пайдалы әдеттерді үйрету.
3. Ақпараттық жұмыс:
• “Салауатты балалық шақ” бұрышы;
• Буклеттер, жадынамалар тарату;
• Иллюстрациялық материалдар қолдану.
Күтілетін нәтиже:
• Баланың денсаулығы нығаяды;
•Ата-аналардың педагогикалық және денсаулық сақтау сауаттылығы артады;
• Баланың қозғалыс белсенділігі мен өзін-өзі күту дағдылары қалыптасады;
• Баланың балабақшаға бейімделуіне негіз қаланады.
Медбике: Сбаева С.С.