Топтар » Страница 11 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
КӨЛІК ТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!
11
ақпан
2022
КӨЛІК ТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!
"КӨЛІК ТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫСАЙЫҚ"  деген тақырыпта "Жаратылыстану" оқу қызметінен көрініс. Суретте "Бәйтерек" кіші тобы. Тәрбиешісі Божбанбаева Эльмира Палмахановна
ДҰРЫС ТЫНЫСТАУ МАҢЫЗДЫ
11
ақпан
2022
ДҰРЫС ТЫНЫСТАУ МАҢЫЗДЫ
Дұрыс тыныстау үшін  тыныс алу бұлшық еттерін басқара білу және жан-жақты дамыту қажет. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тыныс алу бұлшықеттері нәзік болып келеді, сондықтан да тыныс алу жаттығулары маңызды. Суретте ойнай отырып тыныс алу жаттығуларын жасап отырған "Айгөлек" ересектер тобы. Тәрбиешісі Шаштаева Айсара.
ҚЫС МЕЗГІЛІ ТАМАША!!!
09
ақпан
2022
ҚЫС МЕЗГІЛІ ТАМАША!!!
Қаңтар, ақпан айларында барлық топтарда "ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ", "АҚҚАЛА БІЗДЕ ҚОНАҚТА", "ҚЫС МЕЗГІЛІ ТАМАША" атты тақырыптарда ойын-сауықтар, іс-шаралар ұйымдастырылды. Атаулы шарадан бірде-бір топ тыс қалған жоқ.
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА...
27
желтоқсан
2021
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА...
          Балабақшамызда "Жасыл шырша жанында"; "Қош келдің, Жаңа жыл"; "Армысың, Жаңа жыл" сынды тақырыптарда ертеңгіліктер өтуде. Биыл Жаңа жылға арналған ертеңгіліктер елімізде болып жатқан шектеу шараларына байланысты топтарда өтуде. Соған қарамастан балабақша тәрбиешілері және қызметкерлері балабақша бүлдіршіндеріне мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Атаулы шараны музыка жетекшілері Ғазиз М.М. және Кыдырмуратова А.У. ұйымдастыруда.
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН"
14
желтоқсан
2021
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН"
Балабақшамызда ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Тәуелсіз елім-Қазақстан" атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.  Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын арттыру. Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Отанды сүюге және ерлікке баулу.  Суретте "Жұлдызша" мектепалды тобы. Тәрбиешісі Дарубаева А.С.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
29
қараша
2021
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Балабақшамызда "Тұңғыш президент күніне" орай "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Атаулы шараны "Көгершін" мектепалды топ тәрбиеленушілері және  тәрбиешісі Әлімақын Жанар Ерланқызы ұйымдастырды. 
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰМАРЫМ, НҰРЫН ШАШҚАН ШЫРАҒЫМ
12
қараша
2021
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰМАРЫМ, НҰРЫН ШАШҚАН ШЫРАҒЫМ
Балабақшамызда Қазақстан Республикасының 30-жылдығына орай қалалық деңгейде "Тұғырлы тәуелсіздік-тұмарым, нұрын шашқан шырағым" тақырыбында  ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді. Мақсаты: Отан туралы, мемлекеттік мерекелер, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Патриоттық тәрбиені бойларына сіңіру, ұжыммен жұмыс жасауға дағдыландыру.
1-ҚЫРКҮЙЕК- "БІЛІМ КҮНІ"
01
қыркүйек
2021
1-ҚЫРКҮЙЕК- "БІЛІМ КҮНІ"
1-ҚЫРКҮЙЕК "БІЛІМ КҮНІНЕ" ОРАЙ БАЛАБАҚШАМЫЗДЫҢ БАРЛЫҚ ТОПТАРЫНДА ТАҚЫРЫПТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ. АТАУЛЫ ШАРАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕШІЛЕР ӨЗ ТОПТАРЫН БАЛАБАҚШАНЫҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫРЫП, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ.
АТА ЗАҢЫМЫЗДЫ АРДАҚТАЙЫҚ!!!
27
тамыз
2021
АТА ЗАҢЫМЫЗДЫ АРДАҚТАЙЫҚ!!!
Болашағымыздың жарқын болуын, ұлтымыздың біртұтастығын сақтау мақсатында, көк байрағымыз мәңгі желбіресін деген ниетпен "Қызғалдақ" тобы және тәрбиешісі Алиякбарова Ұлбала Өтепқызы "Ата заңымызды ардақтайық" атты Конституция күніне орай тақырыптық іс-шара өткізді.
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН БАЙҚАУ
16
шілде
2021
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН БАЙҚАУ
Тоғызқұмалақ  — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды