Топтар » Страница 12 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ДОБЫМ!
16
шілде
2021
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ДОБЫМ!
Мүсіндеу техникасын меңгеру қол қимылының дамуына жәрдемдеседі және балалардың шығармашылыын дамытуға мүмкіндік береді. Мүсін жасауда балаға ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет. Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады. Суретте  "Құлыншақ" тобы. Тәрбиешісі
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ДӘРІПТЕУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ
02
шілде
2021
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ДӘРІПТЕУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ
Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар
Біз Отанның сарбаздары!!!
05
мамыр
2021
Біз Отанның сарбаздары!!!
Бүгін балабақшамызда 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай "Біз Отанның сарбаздары" атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Етеңгілікті "Құлыншақ" мектепалды тобының бүлдіршіндері мен тәрбиешісі Умбеталиева Гульмира Ермековна және музыка жетекшісі Ғазиз Меруерт Мухаметовна ұйымдастырды. Атаулы іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бүлдіршіндер әндерін шырқап, би билеп, өлеңдер оқып, бар өнерлерін ортаға салды. Іс-шараның мақсаты: мерекенің мәнін түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, туған
"Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме
18
қаңтар
2021
"Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме
Ересектер және мектепалды топтарында "Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме ұйымдастырылды. Атаулы шараға балалармен бірге ата-аналар да араласып жатыр. Барлық жасалған дүниелер бірінен-бірі өтіп көздің жауын алады. Осы шара арқылы ата-аналар мен балабақша ынтымақтастығы арта түскендей болды.  іс-шараның мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, қысқы табиғатпен таныстыру, ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА
29
желтоқсан
2020
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА
Елімізде белең алып жатқан індетке байланысты биыл "ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ" ертеңгіліктер болған жоқ.  Дегенмен, балаларға көңіл-күй сыйлау үшін тәрбиешілеріміз өз топтарында шырша құрып, балаларға  өлең айтқызып, ән шырқатып, би билетіп мерекелік шаттыққа бөледі.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" тақырыптық іс-шаралар
14
желтоқсан
2020
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" тақырыптық іс-шаралар
16- желтоқсан "Тәуелсіздік мерекесіне" орай барлық топтарда тақырыптық іс-шаралар өтікізілді. Бір топта  бүлдіршіндер "Тәуелсіздік бізге қалай келді?" атты слайд тамашаласа, енді бірі тақырып аясында сурет көрмелерін дайындады. Атаулы шара арқылы бүлдіршіндер, өзінің елі жайлы, оның тәуелсіздігі жайлы біліп, елін, жерін, Отанын сүюге үйренді.
ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ
14
желтоқсан
2020
ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ
БАЛАБАҚШАМЫЗДА "БОТАҚАН" МЕКТЕПАЛДЫ ТОБЫНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК ӨТКІЗІЛДІ. МАҚСАТЫ: ЖАС ҰРПАҚҚА ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ, ОНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ БЕРУ. ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕНІМЕН ТАНЫСТЫРУ, ЕЛІН СҮЮГЕ, ОСЫ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫ ЕКЕНІН МАҚТАН ТҰТУҒА ТӘРБИЕЛЕУ.
АЛТЫН КҮЗ!!!
28
қазан
2020
АЛТЫН КҮЗ!!!
Бүгін балабақшамызда "Алтын күз" ертеңгіліктері бастау алды. Мерекені алғашқы болып "Ботақан" мектепалды даярлық  тобы, "Балапан" ортаңғы тобы,  "Қызғалдақ" ересектер тобы бастады. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күздің өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
06
қазан
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасындағы қалалық  мәнерлеп оқу байқауының "Абай Құнанбайұлының өлеңдері" номинациясы бойынша  Ботақан тобының тәрбиеленушісі Жамалбек Хантөре 3-орынға ие болды, атаулы шараға дарынды  шәкірт дайындағаны үшін тәрбиеші Алпысбаева Асемкул Абаевна алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!!!
"ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ"
01
қазан
2020
"ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ"
Балабақшамызда 1- қазан "Қарттар күніне" орай "Қарттарым-асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара болып өтті.  Бүлдіршіндер атаулы мерекеде қарттарымызға өздерінің жылы лебіздері мен өлең- жырларын тарту  етті.  Осы мерекемен қатар келген балабақшамызда 20 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан Кенжеқыз Дауылбайқызының зейнеткерлікке шығуын балабақша ұжымы мен кәсіподақ ұйымы ескеріп, құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Іс-шараны ұйымдастырған музыка жетекшісі Меруерт Мұхаметқызы және "Қарлығаш"  мектеп