Ересектер және мектепалды топтарында "Қыс бейнесі менің көзіммен" атты көрме ұйымдастырылды. Атаулы шараға балалармен бірге ата-аналар да араласып жатыр. Барлық жасалған дүниелер бірінен-бірі өтіп көздің жауын алады. Осы шара арқылы ата-аналар мен балабақша ынтымақтастығы арта түскендей болды. іс-шараның мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, қысқы табиғатпен таныстыру, ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.