Топтар » Страница 5 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!!
14
сәуір
2023
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!!
Балабақшамызда 2023 жылдың 12-14 сәуірі аралығында жас ерекшелігіне байланысты топтар арасында "Біз шыныққан баламыз" атты спорттық іс-шара болып өтті. Екі топқа бөлініп жарысу барысында "Көгершін", "Бәйтерек" ортаңғы топтары, "Айналайын", "Ботақан" ересектер топтары, "Айгөлек", "Ақжелкен" мектепалды топтары алға шықты. Ендігі кезекте аталған топтар бір-бірімен сайысқа түсіп, нағыз жеңімпаз топ анықталатын болады.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!
17
наурыз
2023
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!
Ұлыстың ұлы күні аталған "22-Наурыз" мерекесіне арналған іс-шарамыздың бүгін соңғы күні. Атаулы іс-шаралар барысында балалар халқымыздың байырғы тыныс тіршілігімен толық танысып,батырларымызды, билерімізді танып біліп, ұлттық билерімізді билеп, дәстүрлі әндерімізді шырқап, нағыз мерекелік күйге бөленді.
Наурыз айы туғанда...
16
наурыз
2023
Наурыз айы туғанда...
Биылғы жылы балабақшамызда "22-Наурыз Ұлыстың ұлы күні"  аталатын айтулы  мерекені ерекше форматта атап өтуді жөн көрдік. Барлық топтарға "Баталар" , "Дәстүрлі әндер", "Билер сөзі", "Батырлар жыры", "Мақал-мәтелдер" , "Тыйым сөздер" , "Ұлттық ойындар", "Қазақ билері" сынды тақырып таңдатып, сол тақырып аясында іс-шара өткізуді тапсырдық. Берілген тақырыптар бойынша барлық топ дайындалып, керемет іс-шарамыз дүбірлі думанға жалғасты.
Қош келдің, әз Наурыз!!!
15
наурыз
2023
Қош келдің, әз Наурыз!!!
Балабақшамызда "Қош келдің, әз Наурыз!!!" атты 22-Наурыз меркесіне арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Мақсаты: Балаларға салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды таныстыру. Қазақ халқының мәдениетімен таныстыру.
АНАШЫМ,АНАШЫМ, БІЗГЕ ҚЫМБАТ ДАНАСЫҢ!!!
03
наурыз
2023
АНАШЫМ,АНАШЫМ, БІЗГЕ ҚЫМБАТ ДАНАСЫҢ!!!
Балабақшамызда 27 ақпан- 3 наурыз аралығында "8-Наурыз" мерекесіне орай барлық топтарда "Анашым, анашым, маған қымбат данасың"; "Анашым, анам, ризамын саған", "Қыз өссе елдің көркі"; "Қыздарға әсемдік жарасады" атты тақырыптарда мерекелік ертеңгіліктер өткізілуде.
АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!!!
01
наурыз
2023
АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!!!
Балабақшамызда 1-Наурыз "Алғыс күніне" орай барлық топтарда "Алғысым шексіз" тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Атаулы шара барысында тәрбиеленушілер өздерінің ата-аналарына, достарына, тәрбиешілерге алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтады.
1-Наурыз  Азаматтық Қорғаныс күні!
01
наурыз
2023
1-Наурыз Азаматтық Қорғаныс күні!
1-Наурыз "Азаматтық күніне" орай, Алмалы ауданы ТЖ департаментінің 2023 жылғы жоспарына сәйкес  балабақшамызда "Балалабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жер сілкінісі кезіндегі әрекеті" және "Балабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өрт кезіндегі әрекеті" атты тақырыпта жаттығулар өткізілді. Жаттығуға барлық топтар дерлік қатысты. Атаулы шараға орай қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында балабақшаның әлеуметтік желілеріне ақпараттық  материалдар жарияланды.
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ!!!
13
ақпан
2023
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ!!!
Кіші топтарда  спорттық жарыс болып өтті.  Мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру болып табылады. Міндеттері:  - негізгі қимыл түрлерін жетілдіру; -жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту; -салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ!!!
09
ақпан
2023
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ!!!
Балабақшамызда ақпан айына оспарланған спорттық іс-шараларымыз өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайту, қимыл белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Міндеттері: Дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту. Негізгі қимыл түрлерін: жүру,  секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын жетілдіру.
ДЕНСАУЛЫҚ-ЗОР БАЙЛЫҚ!!!
08
ақпан
2023
ДЕНСАУЛЫҚ-ЗОР БАЙЛЫҚ!!!
Мектепалды тобында өткізілген спорттық жарыс. Мақсаты: Денсаулық сақьау технологиясын қолданып, балалардың негізгі қимыл түрлерін меңгеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдылар, қимыл-қзғалыс тәжірибесін қалыптастыру. дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілігін дамыту. Міндеттері: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту; дене шынықтыруға баулу; дененің физикалық сапаларын: күш, жылдамдық, шыдамдылық, икемділікті дамыту.