Ата-аналарға » Страница 7 » ГККП "Ясли сад №8". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№8 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
(8727) 374-16-20
Әдіскер:
(8727) 374-16-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!! ФИНАЛ
28
сәуір
2023
БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАМЫЗ!!! ФИНАЛ
Балабақшамызда қараша айынан бастау алған "Біз шыныққан баламыз" атты спорттық іс-шара өз мәресіне жетті. Топтар арасында болған атаулы шараның финалдық жарысы 28-сәуір 2023 жылы өткізілді. Кіші топтар арасынан "Аққу",ортаңғы топтар арасынан "Көгершін"; ересектер тобы ішінен "Айналайын"; мектепалды топтары арасынан "Айгөлек" топтары бас жүлдені иеленді. Аталған топтар бағалы сыйлықтармен  және мақтау қағазымен марапатталып, кубокқа ие болды.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
01
наурыз
2023
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
Құрметті ата-аналар!!! Сіздерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын және заңнама бұзушылықтардың алдын алу мақсатында балабақшаға қаржылай көмек көрсетуге және де тәрбиешілерге сыйлыққа немесе басқа да іс-шараларға ақша жинамауға тыйым салынғанын хабарлаймыз. Балабақша әкімшілігі.
АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!!!
01
наурыз
2023
АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!!!
Балабақшамызда 1-Наурыз "Алғыс күніне" орай барлық топтарда "Алғысым шексіз" тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Атаулы шара барысында тәрбиеленушілер өздерінің ата-аналарына, достарына, тәрбиешілерге алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтады.
1-Наурыз  Азаматтық Қорғаныс күні!
01
наурыз
2023
1-Наурыз Азаматтық Қорғаныс күні!
1-Наурыз "Азаматтық күніне" орай, Алмалы ауданы ТЖ департаментінің 2023 жылғы жоспарына сәйкес  балабақшамызда "Балалабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жер сілкінісі кезіндегі әрекеті" және "Балабақша басшысы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өрт кезіндегі әрекеті" атты тақырыпта жаттығулар өткізілді. Жаттығуға барлық топтар дерлік қатысты. Атаулы шараға орай қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында балабақшаның әлеуметтік желілеріне ақпараттық  материалдар жарияланды.
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ!!!
13
ақпан
2023
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ!!!
Кіші топтарда  спорттық жарыс болып өтті.  Мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру болып табылады. Міндеттері:  - негізгі қимыл түрлерін жетілдіру; -жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту; -салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп
ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ
27
қаңтар
2023
ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ
Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер мен педагогтардың театрландырылған-шығармашылық "Театрдың ғажайып әлемі" атты қалалық байқаудың аудандық кезеңінде "Қар ханшайымы" ертегісінің желісі бойынша көрініс қойып 3-орынды иелендік.
Жаңа жылда жаңа нұр!
23
желтоқсан
2022
Жаңа жылда жаңа нұр!
Балабақшамызда Жаңа жыл мерекесінің ертеңгіліктері бастау алды. Көштің басын алғашқылардың бірі болып "Жұлдызша"кіші тобы және "Көгершін"ортаңғы тобы бастаса, "Аққу" кіші тобы, "Айналайын", "Ботақан" ересектер топтары, "Айгөлек"  мектепалды топтары жалғастырды. Атаулы шараның мақсаты: Балаларға мерекенің   мазмұнын түсіндіру. Сахна мәдениетіне үйрету. Балаларды топпен ән салуға, би билеуге дағдыландыру. Мереке барысында өздерін ұстау, бір-біріне қошемет көрсетуге тәрбиелеу.
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
02
желтоқсан
2022
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
Бүгін Алматы қаласы аумағында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Тақырыбы: " Басқару органдарының. Азаматтық Қорғаныс қызметкерлерінің, Алматьы қаласы тұрғындарының жер сілкінісі кезіндегі әрекеті"
ӘН ШЫРҚАЙЫҚ БӘРІМІЗ
01
желтоқсан
2022
ӘН ШЫРҚАЙЫҚ БӘРІМІЗ
Балалардың, ата-аналардың, педагогтердің қатысуымен "Ән шырқайық бәріміз" атты патриоттық әндерді хормен айту челленджіне қатысып жатырмыз. Челлендж "Балаларды ерте дамыту институты" РММ-нің ұйымдастыруымен жүргізілуде.