Ата-анаға кеңес
Жаз мезгіліндегі бала қауіпсіздігі: Нені білген жөн? Ата-ана үшін де, бала үшін де жаз мезгіліндегі демалыстың орны ерекше. Ойын ойнап, ән айтып, асыр салмаса, ол бала бола ма? Жазғы демалыстың басталуы, әрине, көңіл қуантады, алайда баланың қауіпсіздігі мен өміріне бірқатар қауіп төнетіні де ақиқат. Ата-аналар жаз маусымындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, естен шығармағаны орынды.