09
маусым
2025
Ата-анаға кеңес
Жаз мезгіліндегі бала қауіпсіздігі: Нені білген жөн?
Ата-ана үшін де, бала үшін де жаз мезгіліндегі демалыстың орны ерекше. Ойын ойнап, ән айтып, асыр салмаса, ол бала бола ма? Жазғы демалыстың басталуы, әрине, көңіл қуантады, алайда баланың қауіпсіздігі мен өміріне бірқатар қауіп төнетіні де ақиқат. Ата-аналар жаз маусымындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, естен шығармағаны орынды.
Нені білу керек?
Қатты дауыл немесе үздіксіз толқын болған жағдайда шомылуға тыйым салынады.
Бейтаныс, белгілері көрсетілмеген жерлерге жақындауға болмайды. Сонымен қатар белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды. Тиісті белгі орнатылмаса, жағадан алыс жүзбеу керек.
Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды.
Жүзу ережелерін білмейтін балаларды арнайы су құралдарынсыз жіберу қауіпті.
«Ойыннан от шығады». Суға шомылғанда балаларды қызық көріп суға батыруға болмайды, себебі тұншығуы мүмкін.
Балаларға 10-15 минуттан артық ұзақ шомылуға болмайды.
Одан бөлек, табиғат аясындағы демалыста да қауіпсіздік ережелерін ұстанған абзал.