
Бүгін балабақшамызда тәрбиешілерге арналған "Баланың сенсорлық дамуы" атты тақырыпта желтоқсан айына жоспарланған семинар болып өтті. Семинар барысында жалпы "сенсорика" жайлы түсінік, баланың сенсорлық дамуы туралы ақпарат, сенсорлық тәрбие туралы мағлұматтар берілді. Атаулы тақырыпта баяндаманы кіші топ тәрбиешісі Божбанбаева Эльмира Палмахановна жасады. Ол тәрбиешілермен өзінің іс-тәжірибесінде жасап жүрген оқу қызметтерге арналған материалдар және ойын түрлерімен бөлісті.